jasqazaq.kz

Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр

08 шiлде, 14:27

Түркістан облысында «Smart city» жобасы біраз уақыттан бері жүзеге асырылып келеді. Тұрғындардың қолайлы да жайлы өмір сүруіне арналған осы жобаның әлеуметтік маңызы айрықша. Облыс орталығы — Түркістан қаласы «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша республика аумағында 2024 жылы 74,6 пайызбен 12-ші орында тұр. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, аймақтың дамуында маңызды орны бар жобаға қатысты мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров қалаларды цифрландыру, қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды барлық аудан, қала орталықтарында жүзеге асыру керектігін айтты. Түркістан қаласындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Нұралхна Көшеров: «Заман, технология дамып жатыр. Жасанды интеллект пен соңғы технологиялық жаңалықтардың игілігін пайдаланып, аймақты дамыту жұмыстарына жаңа жобаларды енгізу керек. Электр үнемдейтін, күннен қуат алатын бастамаларды көбейту керек. Түркістан қаласында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша 2025 жылға арналған Жол картасына қажетті толықтыруларды енгізіп, шұғыл түрде бекітіңіздер. Іске асыру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажет. Аудан, қалаларда өңірлік инфрақұрылым объектілерін жобалау кезінде «Ақылды қала» жобасының негізгі критерийлерін ескеріп, облыстағы цифрландыру саласына жауапты басқармамен келісуді тапсырамын», — деді.
Сондай-ақ жиында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тураби Ертай мен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының осы бағытта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Бүгінде жауапты министрліктің бекітуімен «Ақылды қала» бастамасы 19 негізгі бағыттан тұрса, Түркістан қаласы бойынша 11-і іске асырылған. Қалған 8-ін жүзеге асыру бойынша қалада «ақылды аялдамалар» салу, «ақылды жарықтандыру» жүйесін енгізу, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын (оның ішінде электр энергиясы, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде) «ақылды есептегіштермен» қамту, қала тұрғындары коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін бірыңғай есеп айырысу орталығын құру, облыстық ахуалдық орталығын құру, қала ішінде контейнерлік алаңдарды цифрландыру, қала үшін бірыңғай мобильді қосымша әзірлеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Түркістан қаласында «Ақылды қала» бастамаларын жүзеге асыру бойынша жол картасы әзірленді.

Түркістан қаласында қоғамдық тәріп және жол қауіпсіздігін сақтау бағытында бейнекамералар орнатылған. Қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілген. «109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеуде. Қаладағы мектептер 100 пайыз бейнебақылаумен қамтылған. Облыс орталығында 17 «SOS» батырмасы орнатылған. Барлық медициналық ұйымдар компьютермен және «Дамумед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен 100 пайызға қамтылып, жұмыс істеп тұр. 845 шақырымды құрайтын 800-ден астам көшенің 92 пайызына жарықшамдар орнатылған. «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды