
Түркістанда жасөспірім қызды зорлаған 70 жастағы қартқа сот үкімі шықты. Көршінің қызына қол салған зейнеткер 15 жыл 6 ай өмірін енді темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Оқушы қыздың жүкті екенін жақындары былтыр қазан айында, жеті айлық мерзімінде бір-ақ білген. Сұрастырған кезде көрші қарттың ісі екені белгілі болды. Келес ауданының тұрғыны көрші үйдің ересегі жоқ кезде үш күн қатарынан түнде келген. Бұл кезде үйде 16 жастағы оқушы қыз бен оның екі жасар сіңлісі ғана болған. Қазір өзге өңірге көшіп кеткен жәбірленуші сол кезде ұл бала босанған. Сот барысында сотталушы кінәсін мүлдем мойындамады. Дегенмен қарт сотталушының кінәсі толық дәлелденді деген сот, ҚР ҚК-тің кәмелетке толмаған адамды зорлау және бөтеннің үйіне түнгі уақытта заңсыз кіру баптарымен кінәлі деп табылды.
Дәурен Мадалиев, Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы: — Сараптама өткізілген, нәтижесінде ұл бала 99,99 пайыз сотталушының ұлы деген қорытынды берілген. Үш күн қатар болған. Көрші тұрады, сол күндері жәбірленушінің анасы Астанада болған, сауда жұмысымен кеткен. Әкесі қарауыл болып істейді, түнгі ауысымға шыққан кезде, соны пайдаланып үйіне кірген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram