jasqazaq.kz

Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды

19 шiлде, 17:32

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы ұдайы даму үстінде. Соның ішінде ішінде жүзім шаруашылығы айрықша қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданы, Тасарық ауылында Сабыржан Танабаев жүзім өсіруді қолға алған. Бүгінде ол аумағы 20 гектар жүзім бауында тұрақты 16 адам, жиын-терім, егіндік маусымында 100-ге жуық адам жұмыспен қамтып отыр. Жүзім бауында бүгінде жемістің 4 түрі өсіріледі.
Шілде, тамыз айларында пісіп жетілген жүзімдерді арнайы сауда орындарына, базарларға шығарып, көтерме бағамен өткізеді. Жеміске сұраныс та көп. Жүзімнен маусымында 300 тоннаға жуық өнім алады.
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Тасарық ауылдық округіндегі осы жүзім шаруашылығының жұмысымен танысып, жүзімнің күтіп-бапталуын, суару және өнім жинау технологияларын көріп, шаруалармен пікір алмасты. Жергілікті еңбеккерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімі аталған бағыттың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін ерекше атап өтіп, жүзім өсіру арқылы ауданның экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнім көлемін арттыруға болатынын жеткізді. Сонымен қатар әкімдік тарапынан ауыл еңбеккерлерін қолдау, инфрақұрылымды жақсарту және заманауи агротехнологияларды енгізу бағытында жұмыстар жалғаса беретінін айтты.
Жетісай ауданында да жүзім шаруашылығы жанданып келеді. Бұл саладағы үздіктердің бірі – Жылысу ауылдық округінде орналасқан «Erte-Agro» ЖШС. Осы шаруа қожалығындағы жүзім өнімдері ел ішінде сатылымға шығарылады. Аудан басшысы Серік Мамытов шаруамен кездесіп, мемлекеттік қолдаулар туралы түсіндірді.


«Шаруа қожалығымыз өз негізін 2017 жылы қалады. 2018 жылы арнайы Украина мемлекетінен «Аркадия», «Лидия», «Байқоңыр», «Анюта», «Велес», «Кодрянка», «Преображение», «Академик», «Дубовский» сынды 9 жүзім сортының көшетін алдырып, 40 гектар алқапқа отырғызып шықтық. Алқапқа егілген жүзімнің барлығы асханалық сортқа тиесілі. Жүзім бағымызға тамшылатып суғару әдісін қолданамыз. Өндірілген өнімді қазіргі таңда облыс орталығы Түркістан қаласы мен мегополис Шымкент қаласына жөнелтіп жатырмыз. Сол екі қала арқылы республика көлеміндегі барлық қалаға таратылуда. Жетісайдың жүзімі қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие», — дейді «Erte-Agro» ЖШС төрағасы Сұлтан Ерболұлы.
Жүзім шаруашылығында бүгінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалақы да, жылдық өнім де жаман емес. Сұраныс артса, баға көтеріледі, тиісінше жалақы өседі.
Бүгінде ауданда жалпы аумағы 466,8 гектар жерге жүзімнің «Кишмиш», «Тайфи алқызыл», «Гүзел қара» және «Мускат Александровка», «Сұлтанка ақ», «Жүзімдік патшайымы» сорттары егіліп, жергілікті базарлар мен көршілес аудандардың сұранысын қанағаттандырып отыр.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды