jasqazaq.kz

Түркістан: Жылыжай агробазасы — барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама

26 маусым 2025, 19:13

Түркістан облысында заманауи кешенді жылыжай жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба аясында аграрлық өндіріс, білім, туризм және ғылым тоғысқан көпфункциялы база құрылады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ҚХР мемлекеттік компаниясының Қазақстандағы филиалының бас директоры Янь Цзе мырзаның кездесуі аясында ауыл шаруашылығындағы стратегиялық ынтымақтастық, инновациялық жылыжай өндірісін дамыту және өңірлік инвестициялық серіктестік мәселелері талқыланды.
Инновациялық жылыжай моделі – агроэкономиканың жаңа кезеңі. Жоба негізінде Түркістан облысында жылыжай кешені, агротехникалық өндіріс және ғылыми-тәжірибелік алаң құрылмақ. Нақтырақ айтқанда, индустриялық аймақта болат құрылымдарын өндіретін зауыт, бірнеше автоматтандырылған жылыжай кешені, сапалы көкөніс өсіру алаңы және агротуризм бағыты қатар дамиды.
Бұған қоса, жергілікті білім ордаларымен бірлескен ғылыми-тәжірибелік орталық ашу жоспарланған. Мұнда студенттер мен ғалымдар жылыжай жағдайында зерттеулер жүргізіп, өнім сапасын арттыруға арналған жаңа әдістерді сынақтан өткізеді. Ғылыми нәтижелер негізінде жеке қосалқы шаруашылықтарға бейімделген технологиялар дайындалып, жергілікті тұрғындарға қосымша табыс көзі ретінде ұсынылады. Ал агротуризм бағыты аясында келушілерге өз қолымен көкөніс теріп, ұлттық тағамдар әзірленетін ашық алаңда уақыт өткізу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл бағыт Түркістанның туристік әлеуетін агроөнеркәсіппен ұштастыратын жаңа формат ретінде бағалануда.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кездесуде өңірдің инвестициялық артықшылықтарын ерекше атап өтті. Түркістанда дайын инфрақұрылымы бар индустриялық аймақтар мен «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді.
Облыс басшысы: «Осыған дейін Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Чжан Цисян мырза бастаған делегацияның Түркістан облысына сапары барысында өзіңізбен кездескен болатынбыз. Бүгінгі кездесуіміз нақты жоспарлар бойынша пікір алмасу үшін тиімді алаң деп білемін. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде жылыжайда көкөніс өсіру бағыттары елімізде жетекші орын алады. Ауар-райы қолайлы, еңбекқор халқымызбен мақтанамыз. Біз өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, өнімнің сапасын жетілдіруге және технологиялық даму деңгейін арттыруға баса мән беріп отырмыз. Осы мақсатта заманауи агротехнологияларды енгізу, тамшылатып суару жүйелерін кеңінен қолдану, жылыжайларды автоматтандыру, сондай-ақ логистика мен экспорттық әлеуетті дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Біздің облыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар, оларды іске асыруға қазақстандық және қытайлық компаниялар тартылуы мүмкін. Өз тарапымыздан толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз», — деді.
Түркістан өңірінде жүзеге асырылатын кешенді жылыжай жобасы – тек ауыл шаруашылығы емес, ғылым, білім, туризм және кәсіпкерлік бағыттарын біріктіретін ауқымды бастама. Бұл өңірдің экономикалық жағынан әртараптануына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, ал отандық агросектордың технологиялық жаңғыруына серпін бермек. Түркістан облысы өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын.
Қазіргі таңда Түркістан облысы республика бойынша жылыжай өндірісінің көшбасшысы саналады. Еліміздегі жылыжайлардың басым бөлігі осы өңірде шоғырланған. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, 1 289 жылыжайдың жалпы көлемі – 713 гектар, олардың көбі көкөніс өсіруге бағытталған. Былтыр облыста 83 931 тонна көкөніс өндірілген.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам