jasqazaq.kz

Түркістан: Жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс шығаратын зауыт салынады

Бүгін, 14:28

Еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайдың Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтаомен кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірлескен инвестициялық жобаларды, оның ішінде құрғақ (кептірілген) көкөністер өндіретін зауыт салу бойынша жобаларды іске асыруға көңіл бөлінді.

Осы кездесуде Qingdao Wanlin Food компаниясының Түркістан облысында индустриалдық парк салу жөніндегі жоспары қаралды. Жоба жалпы ауданы 70 гектар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандарды кезең-кезеңімен іске қосудың және өнеркәсіп инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үш кезеңін қамтиды. Бұл құрғақ көкөністер, мал азығы дақылдарын өндіретін зауыттарды іске қосу, сондай-ақ қытай бизнесі тарапынан кемінде 15 серіктес тарта отырып, өнеркәсіптік парк салу.

Өндірістік қуаты жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс өндіретін зауытын салу жұмыстары басталды. Инвестор инвестиция сомасын 30 млн доллардан 90 млн долларға дейін арттырды. Зауыт іске қосылған соң 300 жұмыс орны ашылады. Компания бірінші кезеңде «Түркістан» ӘКК өнеркәсіп паркіндегі дайын өндіріс нысандарын жалға алды. Жақын арада жабдықты монтаждау жоспарлануда, бірінші кезеңді пайдалануға беру осы жылдың шілдесінде күтіліп отыр. Жобаны дамыту стратегиясы еліміздің Жетісу және солтүстік өңірлерінде сәбіз және сарымсақ өңдеу бойынша қосымша зауыттар сала отырып, өндірісті кеңейтуді қамтиды. Өндіруші дайын өнімді Қазақстанда сатуға, сондай-ақ АҚШ пен ЕО нарығына экспорттауға ниетті.

«Қазақстанда экономиканың негізгі салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз шаруаларды қолдау шараларын едәуір арттырдық. Өткен жылы елімізде 4,5 млн тоннаға жуық көкөністен жоғары өнім алынды. Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру аясында биыл бақша дақылдарының егіс алқабы кеңейтіліп, 222 мың гектарға дейін жеткізілді.

Біз Wanlin Group-пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша, оның ішінде еліміздің аграрлық өңірлерінде жаңа өндірістерді орналастыруды қамтитын ұзақмерзімді стратегиялық әріптестікке мүдделіміз. Қазақстан бірлескен Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталықтарын құру, агротехнопарктерге инвестиция салу, экспортқа бағдарланған логистикалық хабтарды дамыту арқылы кооперацияны кеңейтуге ашық», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салалық министрліктер мен Түркістан облысының әкімдігіне екі апта мерзімде Инвестициялар туралы келісім жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтао Қазақстан ауыл шаруашылығының айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, АӨК өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар келешегі зор барлық бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. – Қытайдың ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы жетекші компанияларының бірі. Азық-түлік қызметі құрғақ көкөністерді (сарымсақ, ақ пияз және т.б.) зерттеуге, әзірлеуге, өндіруге және экспорттауға бағытталған. Қызметкерлер саны 1 мың адамнан асады, негізгі құралдардың көлемі 90 млн доллардан асады. Оның өнімдері Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдеріне экспортталады. Жылдық сату көлемі –10 мың тоннадан астам құрғақ көкөніс. Компания Nestle, Unilever, Kerry және басқа да ірі серіктестермен ынтымақтастық орнатқан.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
Бүгін, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда
Бүгін, 14:38
Түркістан: Төлеби ауданында тігін фабрикасы іске қосылады
Бүгін, 14:35
Түркістан: Сарыағаштағы кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі
Бүгін, 14:28
Түркістан: Жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс шығаратын зауыт салынады
Бүгін, 14:23
Түркістан облысы мен қытай инвесторлары арасында 7 меморандум жасалды
17 маусым, 17:50
Түркістанда «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты тағылымды кездесу өтті
17 маусым, 14:19
«Мұрагер» лагері: Түркістан қаласында балаларға арналған ерекше жоба жүзеге асуда
17 маусым, 13:09
«Орталық Азия – Қытай» форумында Түркістан облысы 3 ірі жобаны жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды