ТҮРКІСТАН: Жастарға мемлекеттік бағдарламаларды кімдер түсіндіріп жатыр?

11 шiлде 2023, 12:56

Қазіргі таңда Түркістан облысында 630 мыңнан астам жас бар болса, өңірдегі жастар саясатын жемісті жүзеге асырып, азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету «Жастар ресурстық орталығының» тікелей міндеті болып саналады. Тиісінше, аталған орталық бүгінде түрлі бағыт бойынша қызмет атқарып келеді. Солардың бірі – «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімі. Аталған бөлімнің негізгі мақсаты – жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру болып саналады.

«Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің жетекшісі Дінислам Бимаханбетовтың айтуынша, 2023 жылдың I жарты жылдығында жоспарға сәйкес, облыс көлеміндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 141 758 жасқа кеңес берілген. Оның ішінде 36 401-і білім, 45 490-ы жұмыспен қамту, 54 227-сі кәсіпкерлік, 2796-сы тұрғын үй және 2 834-і өзге де салалар бойынша кеңес алған. Сонымен қатар, «Серпін», «Болашақ», «қысқа мерзімді оқыту», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Студенттік құрылыс отряды», «Жұмыссыз жастарға арналған гранттар», «Бизнестің жол картасы-2025» және «Төмен пайызды несие» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастар қажетті ақпаратмен қамтамасыз етілген.

«2023 жылдың 20 қаңтарында аудан, қалалардағы жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары бірлесіп жұмыс атқару бойынша дөңгелек үстел өткізді. Сонымен бірге, Түркістан облысының Әділет департаменті мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бірлескен жұмысты бастап кетті. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылдың 3 ақпанында Түркістан облысында алғаш рет «АШЫҚ АЛАҢ» форматында жұмыссыздықты азайту, азаматтарды шағын және орта кәсіпкерлікке баулу мақсатында мемлекеттен берілетін субсидия, грант алу, жастарға арналған жеңілдетілген несиеге қол жеткізу, туризм саласына қатысты кәсіпкерлерге субсидия алу бойынша кездесу өтті. Бұл жиынды өткізудегі негізгі мақсат – кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығына бағытталған мемлекеттік қолдауларды насихаттау болатын. Ал 7 ақпан және 6 наурыз күндері аралығында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша университеттермен тікелей эфир өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды. Бұл эфирде серпін бағдарламасы бойынша толық мәліметтер айтылды.

Сондай-ақ, ақпан айында Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің ұйымдастыруымен «JASTARGA BAGYT» жобасы аясында халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар мен жеке сот орындаушылары көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар және кешенді әлеуметтік заң көмегі бойынша жастарға жан-жақты мәлімет берді. Дәл осы жоба аясында 6 наурыз күні Түркістанда жаңадан ашылған халықаралық туризм және меймандостық университетінің 2023 жылға арналған жоспарларын бақылау және жастарға жеткізу мақсатында кездесу өткізілді, — дейді Дінислам Нартайұлы.

Сондай-ақ 2023 жылдың 6 наурызында «Жастар ресурстық орталығы» мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы жұмыстарды бірге іске асыруды дамыту мақсатында кездесу өткізсе, бірер күннен соң орталықтың ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінде тәрбиеленетін жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және ересектер тарапынан балаларға теріс әсер ететін іс–әрекеттерге жол бермеу мақсатында түсіндіру дәрістері мен құқықтық консультация жүзеге асырылған. Ал 9–16 наурыз күндері аралығында аудан, қаланы аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған мобильді топ «JASTARGA BAGYT» жобасы аясында мемлекеттік бағдарламалар бойынша өңірдегі мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Сонымен қатар, сәуір айында аталған бөлімінің ұйымдастыруымен «Өз кәсібіңді аш» жобасы аясында кәсіпкерлік саласындағы мамандықта оқитын студент жастармен бірге асханаларға экскурсия жасалса, облыстағы мектеп бітіруші түлектерге «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша солтүстік өңірінен келген ЖОО өкілдерімен бірлесе үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.
«Сәуір айында облыс жастарын жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар бойынша әлеуметтік желілер арқылы тікелей, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5 пайыздық несие беру бойынша жауапты мекеме өкілдерімен және аудан, қалалық Жастар ресурстық орталықтары басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге әр ауданнан NEET санатындағы жастар қатысып, ақпарат алмасты. Одан бөлек, Түркістан қаласының жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттай отырып, жастарға арналған жеңілдетілген несие беру бойынша «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Түркістан қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, облыстық Әділет департаменті, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалы және «Аграрлық кредиттік корпарациясы» АҚ мекемелерінен жауапты мамандар қатысты. Ал мамыр айының басында Семей қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы университет мамандарының қатысуымен Сарыағаш ауданындағы Тегісшіл, Дербісек, Қызылжар және Дарбаза ауылдық округтеріндегі мектеп бітіруші жас түлектермен кездесулер өтті. Одан бөлек, аудан мен қалаларда жастар арасындағы жұмыссыздыктың алдын алу және NЕЕТ санатындағы жастарға ақпараттык-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау көрсету мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде іске асырылатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5 пайыздық несие жөнінде, сонымен қатар, «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау-Бизнес», «Серпін» мемлекеттік бағдарламалары бойынша «Ашык есік» күні өткізілді, — дейді бөлім басшысы.

Облыстық жастар орталығына қарасты бұл бөлім университет және колледж бітірушілері үшін арнайы жұмыс жәрмеңкесін де өткізіп келеді. Мұндағы мақсат – еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып, мамандық таңдау үдерісі бойынша бітірушілердің қызығушылығын ояту. Жастарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар әлеуметтік желілерге таратылатын бейнероликтер арқылы да жүргізіліп келе жатыр. Сонымен бірге, жуырда жолға қойылған «Өз кәсібіңді аш» жобасы да жемісін беріп, жастардың өз идеяларын іске асыруына мұрындық болуда.

Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері «Отбасы банк» АҚ филиалының тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерін, «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жобасы» аясында жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарымен жұмыс жасайтын және «Бастау-Бизнес» жобасы аясында қайтарымсыз грант алған жастарды насихаттау жұмыстарын жүргізіп, «Бизнес экскурсия» жобасы аясында кәсіпкерлікті дамыту үшін «Turkestan Textile» тігін, «Grand Miks» және ТОО «Сordial Turkestan» жиһаздар фабрикаларына жастармен бірге экскурсия жасап келеді.

Қорыта айтсақ, «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімі қазір жастардың мемлекет беріп отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына ықпал етіп келе жатыр. Сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізіп, азаматтардың өз ойларын іске асыруына мұрындық болып отыр. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, оң нәтиже көрсетудің маңызы зор деп білеміз.

Бауыржан Мейірханұлы,
Түркістан қаласы

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды