jasqazaq.kz

Түркістан: Үш ауданда әлеуметтік нысандардың құрылысы зерделенді

16 маусым, 15:41

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жуырда облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарына барып, бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын қадағалады. Аппарат басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы іссапар кезінде Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысын бақылады. Ауданда жоба аясында биыл 900 орындық және 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысандарды осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Ондағы құрылыс жұмыстарымен қаныққан аппарат басшысы құрылысты қарқындатуды тапсырды.

Бұдан кейін аппарат басшысы аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысымен салынып жатқан үш қабатты екі тұрғын үйдің кешенімен танысты. Қазір онда 48 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Сарыағаш қаласында бой көтеріп жатқан Жаңа буынды дамыту орталығының құрылыс барысы да назардан тыс қалмады. Апарат басшысы оңалту орталығының құрылыс жұмыстарын бақылап, мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды белгіленген кестеге сай әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда үш қабатты оңалту орталығының ғимаратына ішкі әрлеу, жедел сату орнату,сыртқы абттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Еркебұлан Дауылбаев Қазығұрт ауданына ат басын бұрып, алдымен Қазығұрт елді мекенінде салынып жатқан арендалық екі қабатты алты үйдің құрылысымен танысты. Биыл наурыз айында басталған нысанның жалпы құны – 1 247,2 млн теңге. Құрылысты жылдың соңына дейін аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланған.
Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ елді мекенінде Ашық және жабық спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан спорт кешенінің жалпы құны – 550 млн теңге. Аудан әкімі Әзизхан Исмайылов спорт кешенінің жобасымен таныстырып, бағытта атқарылып жатқан жұмысты баяндады. Аудандағы нысандарды аралап көрген Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапасына басты назар аударуды тапсырды.

Одан кейін Төлеби ауданындағы нысандар да зерделенді. Еркебұлан Дауылбаев ең алдымен «Қарақуыс» су қоймасының жай-күйімен танысты. Төлеби ауданы аграрлы аймақ болғандықтан, каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жергілікті атқарушы органның назарында. Осы мақсатта Кемеқалған ауылдық округіндегі «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы жүргізілуде. Су айдынының сыйымдылығы – 1040 мың шекше метр, жалпы аумағы 13 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде. Еркебұлан Дауылбаев су қоймасының құрылысына қатысты мердігер мекеме, техникалық қадағалаушы мекеме басшыларына жолығып, ауқымды жобаның сапалы және мерзімімен жүзеге асуын тапсырды.

Сондай-ақ осы ауданға қарасты Киелітас елдімекенінде Мәдениет үйі салынып жатыр. Одан бөлек, Достық, Ынтымақ, Қосағаш елді мекендерінде 900 орындық және 300 орындық жайлы мектеп пен 150 оқу орындық жалпы орта мектеп бой көтеруде. Биыл оқу жылына орай үш мектеп пайдалануға берілмек. Одан бөлек, Ленгір қаласында бес қабатты үш үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Көксәйек елдімекенінде спорт кешені мен «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 600 орындық білім ұясы салынып жатыр.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:19
«Мұрагер» лагері: Түркістан қаласында балаларға арналған ерекше жоба жүзеге асуда
Бүгін, 13:09
«Орталық Азия – Қытай» форумында Түркістан облысы 3 ірі жобаны жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды
Бүгін, 13:07
Түркістан-Циньдао серіктестігі: жаңа өндіріс ашу және инвестиция тартуға мол мүмкіндік
Бүгін, 12:48
Түркістанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше назар аударылуда
16 маусым, 15:58
Түркістан: Мақтаралдағы өндірістік кооперация өңір экономикасына серпін береді
16 маусым, 15:41
Түркістан: Үш ауданда әлеуметтік нысандардың құрылысы зерделенді
16 маусым, 14:52
Түркістан: Шаньдун провинциясымен ынтымақтастық өңір экономикасына серпін береді
13 маусым, 13:49
Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында
13 маусым, 11:59
«KitapХАН». Түркістандағы өрендерді рухани құндылыққа баулитын жоба