jasqazaq.kz

Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады

16 шiлде 2025, 11:17

Түркістан өңіріне шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық зор. Бұған өндіріс орындарын ашып, өнім өндіру үшін қолайлы болуы,  сондай-ақ әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау жасалатыны әсер ететіні сөзсіз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  күні кеше облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков түркиялық инвестормен іскерлік кездесу өткізді. Осы бір маңызды жүздесуде екі жақтың өкілдері өңірдің өндіріс саласына тоқталып, аймақта құрылатын кәсіпорынның жаңа мүмкіндіктері мен құрылыс жұмыстары туралы пікірлесті.

Айта кеткен жөн,  бұған дейін облыс басшысы Нұралхан Көшеров халықаралық деңгейдегі компания өкілдерін қабылдап, өңірде биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашу жобасы бойынша келіссөздер жүргізген-ді. Бұл инвестициялық жоба облыс экономикасын одан әрі дамытуға мол үлесін қоспақ.

«Түркі елдерінің рухани астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіз! Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға серпін беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынас ерекше екенін атап өткен жөн. Осы сәтті пайдалана отырып біріншіден, облысымыздың дамуына өз үлесіңізді қосқаныңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Қазіргі уақытта облысымызда қолайлы инвестициялық ахуал құрылған. Инвесторларға дайын өндіріс алаңдары ұсынылады. Сонымен қатар жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «Шағын өнеркәсіптік парктер» жобасы іске асуда. Біз өңірімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Сізбен бірлесе қолға алған жобамыздың құрылыстарын жуық арада аяқтап, нәтижелерін бірге көрейік», – деді облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков.

Түркиялық кәсіпорын 100-ден астам препарат өндіретін халықаралық деңгейдегі компаниялардың бірі. Өнімдері 50-ден астам елдерге экспортталады. Зауыт «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында салынады деп жоспарланған.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?