jasqazaq.kz

Түркістан тұрғыны бүйрегін 13 миллион теңгеге сатпақ болды

19 ақпан, 15:50


Түркістан тұрғыны өз бүйрегін сатпақ болып ұсталды, сот рақымшылық жасады. 

Түркістан қаласының ауданаралық сотында трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адамның ағзаларына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталу бойынша айыпталған тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады.

Облыстық соттың мәліметінше, айыпталушы 2025 жылғы ақпан айында өз бүйрегін сату мақсатында «Телеграм» арқылы жарнама жариялап, ісін имитациялық түрде ішкі істер органдары қызметкерімен келісіп, 13 млн теңгеге сатуды жоспарлаған. Ұсталған кезде ол 5 млн теңге қаражатты алған.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, әрекетіне ауыр материалдық жағдайы мен ақша қаражатына мұқтаждығы себеп болғанын, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.

– Сот жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескере отырып, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданып, 05.02.2026 жылы сотталушы М.-ді қылмыстық жауаптылықтан босатып, іс жүргізуді тоқтатты, — делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 Фото: freepik.com

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес