jasqazaq.kz

Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған

16 шiлде, 14:25

Елімізде өндіріс орындарын ашуға соңғы жылдары басымдық беріле бастағаны мәлім. Өндіріс дегенде ол міндетті түрде үлкен, жүздеген адамды жұмыспен қамтуы тиіс дегенді білдірмейді. Тауары бүкіл әлемді жаулаған Қытайда үлкен істер кішкентай қадамнан басталып, ұсақ шеберхана, цех ашудан бастаған. Түркістан өңірінде де осы тәжірибе жүзеге асып жатыр.
Мәселен, Төлеби ауданындағы тігін цехы жылына 250 мыңға тарта арнайы жұмыс формасын тігуге қауқарлы. Жуырда аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жергілікті кәсіпкерлік нысандарының бірі тігін цехын аралап, жұмыс жүйесімен танысты. Мұнда тұрғындарды жұмыспен қамту, отандық өнім өндіру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Шағын және орта бизнес нысандары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні анық.
Айта кетейік, кәсіпорын арнайы жұмыс киімдерінен бөлек тігін бұйымдарын жасауды қолға алған. Бүгінде цехта 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда қызметкерлер арнайы киімдер мен тұрмыстық бұйымдарды тігіп, сапалы өнім шығарып жатыр. Жұмысшылардың орташа айлық жалақы мөлшері 120 000 теңге. Кәсіпорында жылына 150 мың дана жаздық және 90 мың дана қыстық арнайы жұмыс киімдері тігіледі. Мұнда тігілген формалар еліміздің бірқатар өңірлеріне және Ресей мемлекетіне жөнелтіледі.
Аудан басшысы жұмысшылармен кездесіп, жұмыс жүйесін бақылады. Кездесу барысында кәсіпкерлік бағытындағы бастамаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды