jasqazaq.kz

Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр

19 шiлде, 20:28

Түркістан облысының Төлеби ауданында кәсіпкерлік саласы дамып, бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Аймақта шағын және орта бизнес өкілдері өңірдің экономикалық дамуына үлестерін қосып, инвестициялық жобаларға ден қойған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына барып, өндіріс орындарының жұмысын өз көзімен көріп қайтты. Кәсіпкерлермен жүздесіп, өңірде өндіріс саласын дамыту жолында жан-жақты қолдау болатынын айтып өтті.


Алдымен аймақ басшысы Киелітас ауылындағы битум өнімдерін шығаратын «QazaqBitum Processing» ЖШС нысанын аралап көрді. Кәсіпорын жетекшісі нысанның жұмыс жүйесін тарқатып, алдағы жоспарын баяндады.
Зауыт 2011 жылы іске қосылған, 2022 жылы модернизациялау жүйесінен қайта өткен. Бүгінде мұнда автокөлік жолдарына арналған битум өнімдері шығарылады. Кәсіпорын тәулігіне 1000 тонна, ал жылына 300000 тонна зат өндіруге қауқарлы. Зауытта 140 адам жұмыс істейді. Мұнда ішкі және сыртқы экспорт ісі дамыған. Өнімдер республикадан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне жөнелтіледі.
Одан кейін облыс әкімі Ленгір қаласында орналасқан тігін цехының жұмысымен танысты. Аралау барысында жұмыс жүйесіне оң баға беріп, бұл салаға жан-жақты қолдау болатынын жеткізді.
Мұнда жылына 250 мыңға жуық арнайы жұмыс формасы тігіледі. Кәсіпорында 150 адам жұмыс істейді. Цехта тігілген формалар еліміздің бірқатар өңірлеріне және Ресей мемлекетіне экспортталады.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердегі білім сапасын арттыру мақсатында «Келешек мектептері» салынып, ел игілігіне берілуде. Ұлттық жоба аясында Түркістан облысында жалпы саны 29 білім ордасының құрылысы жоспарланған.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданы, Достық елді мекеніндегі 900 орындық «Келешек мектебінің» құрылыс алаңында болып, мердігерлердің жұмысын бақылады.
Білім беру саласына ерекше серпін беретін жобалардың жұмысын сапалы орындауды тапсырып, жауаптыларға уақыт пен сапаны назарға алуды тапсырды. Учаскелік жер аумағы – 3 гектар. Бүгінде құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалған. Ішкі әрлеу, сырлау, шатыр орнату, қызметтері аяқталған. Заманауи мектептің инфрақұрылым жұмыстары толық реттелген. Интернет және газ қосу шаралары қолға алынған.
Аудан көлемінде жалпы саны 4 «Келешек мектептерін» салу жоспарланып, бүгінде 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Алатау елді мекенінде 300 орындық, Көксәйекте 600 орындық, Киелітастағы 900 оқушыға арналған мектептер. Жаңаша бағыттағы білім ошақтарында балалардың сапалы білім алуы үшін дерлік барлық жағдай қарастырылады.


Осы күні облыс басшысы Ленгір қаласы, І мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үйлердің құрылыс барысына шолу жасады. Н.Көшеров аралау барысында жауаптыларға әлеуметтік маңызы бар кез-келген нысан қателіксіз, сапалы салынуы тиіс екенін ескертті.
Мұнда 5 қабатты 3 тұрғын үй кешені салынып жатыр. Пәтер саны – 48, 1 бөлмелі 12 пәтер, 2 бөлмелі 12 пәтер, 3 бөлмелі 24 пәтер. Тұрғын үйдің құрылысы 2023 жылы басталып, бүгінде шатыр жабу, ішкі, сыртқы әрлеу, есік, терезе орнату сынды жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба құны 625, 5 млн.теңге. Тұрғын үй республикалық және облыстық бюджет есебінен салынған. Құрылыс жұмыстары аяқталса, биыл пайдалануға берілмек.
Аралау жұмыстары аудандағы «Мейір-Бейс» жоғары медициналық және педагогикалық колледжінде жалғасты. Облыс басшысы білім ордасының мұмкіндіктерімен танысып, фармацевтикалық, стоматололгиялық дәріс беру бөлмелерін аралап көрді. Колледж жаңа форматта жұмысын жалғастыруда. Мұнда 56 маман дәріс береді. Жалпы 84 дәрісхана қарастырылған.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты