jasqazaq.kz

Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады

23 шiлде 2025, 7:18

Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі тұрақты түрде дамып келеді. Осы кезге дейін бұл бағытта біраз жобалар жүзеге асты. Бірқатар жоба жуық арада іске қосылады. Соның бірі – Түркістан облысы, Шардара индустриалдық аймағында құрылысы жүріп жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу кәсіпорны. Мұнда жылына 150 мың тонна жүгері дақылы терең өңделеді деп жоспарланған.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына іссапары кезінде зауытты аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Осыған дейін зауыттың алғашқы кезеңі бойынша дәнді дақылдарды сақтау және кептіру қоймасы өз жұмысын бастаған болатын. Биыл крахмал сірнесін өңдеу зауыты іске қосылып, мұнда 500-ден аса жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жер аумағы – 35 гектар. Кәсіпорынға құйылатын инвестиция көлемі 35 млрд теңге. Зауытта крахмал, глютен, жүгері сечкасы, жүгері сірнесі, мальтоза және карамель сірнесі өндіріледі. Сонымен қатар экспорт жүйесі дамыған. Өнімдер шшкі нарықтан бастап, шетелдің Ресей, Қытай, Бельгия, Англия елдеріне жөнелтіледі.


Облыс басшысына дайын өнімдер көрмесі де таныстырылды. Зауыт жетекшісі атқарылған жұмыстар мен құрылыс барысын баяндады. Аралау жұмыстары астық сақтау, әкімшілік, дайын өнімдерді сақтау, асхана, жатақхана ғимаратының құрылыс алаңында жалғасты. Нұралхан Көшеров кәсіпорынның жұмысымен толық танысып, өндіріс саласын одан әрі дамытуды және құрылыс жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?