Түркістан: Шардара ауданында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

22 мамыр, 12:02

Түркістан облысында жол қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде. Жергілікті полиция департаменті мәлім еткендей, сот орындаушылары мен Шардара аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірігіп, «Борышкер» жедел профилактикалық, рейдтік шара ұйымдастырды. Сот орындаушылар темір тұлпар тізгіндеушілерді арнайы қаулымен таныстырып, қарызын ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіру мәселесін қарастырды. Берешегін өтмеген және өтеуден жалтарып, жүрген тұлғалардың көлігі айыптұраққа жабылды.

Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақытында, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7️ тәулік ішінде 5️о % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100 %-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеді. Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 4️0 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында, сот орындаушыға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығы туралы айтты.

Сонымен қатар Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушыларына жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне арналған «Абайлаңыз,балалар!»: Жол қауіпсіздігіне қатысты дәріс сабақтарын өткізуде.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балаларды көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа дағдылау мақсатында аудан аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде дәрістер өткізілуде.

Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қауіпсіздігі ережелерін жіті түсіндіру. Балалар жолдан өтпес бұрын толық қауіпсіздікке көз жеткізулері қажет екендігін ескерту. Өз кезегінде ювеналдық полиция бөлімінің инспекторлары өз қызметінің ерекшелігін айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ Шардара ауданы аумағында ағымдағы жылдың мамыр айының 20-23 күндері аралығында «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты — автокөлік ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған. Айта кету керек, шара аясында автокөліктер ұрлығын және оларды айдап әкетушілерді ашу бойынша жедел-тергеу топтары құрылып, олардың күшімен күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру, арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттері жүзеге асады.

Сондай-ақ, көлік құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу, жолын кесу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

JQ-Aqparat
Суреттер Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 23:28
Жұлдыз Сүлейменова: Жайбасарлыққа жол беруге болмайды!
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары