Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды

17 сәуiр, 15:44

Бүгінде елімізде интернет алаяқтығы өршіп тұр. Сондықтан Түркістан облысының полициясы алаяқтыққа жол бермеу үшін қызу күрес жүргізеді. Мәселен, Сайрам ауданындағы полиция екі бірдей тұрғынды интернет-алаяқтан сақтап қалды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таңғы уақытта Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген. Оның айтуынша, телефонына белгісіз нөмір хабарласып, sim-картасының мерзімі өткенін хабарлаған. Оған сенген ер адам нөмірін жаңартуға жіберілген кодты айтқан. Одан кейін телефонына несие туралы түсініксіз сілтеме келген соң, оны тексеріп беру үшін полицияға жүгінген.

Бақылап-өткізу бекетінде тұрған полицей Арнұр Шалқар тұрғынның хабарламасы негізінде бірінші кезекте интернет-алаяқтық па деп күмәнданады. Тексеру кезінде тұрғынның атынан белгісіз біреулер несие алуға әрекет жасап жатқанын көреді. Содан жедел іске кірісіп, тұрғынның телефонынан eGov мобильді қосымшасы арқылы 6 ай мерзімге ерікті түрде несие алудан бас тарту деген бөлігін белгілейді.

Сөйтіп қырағы полицей алаяқтықтың алдын алып, тұрғынға дер кезінде жәрдем етті. Жоғарыдағы жағдай қызметкердің жедел әрекеті арқасында дер кезінде тоқтатылғанымен, бірер сағаттан кейін полицияға тағы бір тұрғын дәл сондай шағыммен келеді.
Тексеру кезінде оның атынан белгісіз біреу 1 миллион теңге несие алғаны белгілі болды. Оның атынан тағы да бірнеше банкке несиеге өтінім тасталғанын байқаған полиция қызметкері Арнұр Шалқар бұл ер адамның да телефонынан несие алудан бас тарту функциясын басып береді. Өз кезегінде тұрғындар жас та болса, қолдан келгенінше қолғабыс етіп, қылмыстың алдын алған құқық қорғау қызметкеріне алғысын жаудырды. Қазіргі таңда алаяқтық қылмысы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақпал Махамет

Суреттер: Түркістан обласы ПД баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде