jasqazaq.kz

Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды

16 шiлде 2025, 15:14

Түркістан облысының әлеуметтік саласындағы маңызды міндеттің бірі — тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету. Осы орайда Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округінде 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Соның 32 пәтері бүгін пайдалануға тапсырылды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округіне арнайы барып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Тұрғын үй кезегінде тұрған баспанаға мұқтаж отбасыларға арендалық пәтер кілттерін табыстап, ізгі тілегін жеткізді.
Нұралхан Көшеров: «Бүгін біз маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – арендалық тұрғын үйдің ашылу салтанатында бас қосып отырмыз. Бұл — ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолында қолға алынған нақты істердің нәтижесі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде азаматтарды баспанамен қамту — стратегиялық басым бағыттардың бірі. Облыста тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Осы сұранысты кезең-кезеңмен шешу мақсатында мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылданып келеді. 2018–2024 жылдар аралығында облыс көлемінде 7,7 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, соның ішінде Сайрам ауданында 159 отбасы қоныс тойын тойлады. Ал бүгін тағы 32 отбасы жаңа пәтерлерге қол жеткізді. Жаңа пәтерлер — тұрғындарымыздың өміріне жайлылық, тұрақтылық және жаңа үміт сыйласын! )» – деп, жұртпен бірге пәтерлерді аралап шықты.
Бұл тұрғын үйлер көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтар мен жетім балаларға үлестірілді.
Қос қабатты 6 тұрғын үй 1,1 гектар аумақта орналасқан. Оның ішінде 20 пәтер – 1 бөлмелі, 40 пәтер – 2 бөлмелі және 20 пәтер – 3 бөлмелі. Нысан құрылысын «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2024 жылы жеке инвестор қолға алып, биыл пайдалануға тапсырды.
Қазіргі кезде облыс көлемінде 69 мың азамат тұрғын үй кезегінде тіркелсе, соның 6 пайызы (4 251 азамат) Сайрам ауданының тұрғындары. Аудандағы баспана мәселесін шешу мақсатында Ақсукент және Ақбастау ауылында екі қабатты 96 пәтерлі тұрғын үйді сатып алу жоспарланып отыр.
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығы мен аудандарда тұрғын үйлер салынып, баспана кезегінде тұрған азаматтарға пайдалануға берілуде.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды