jasqazaq.kz

Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті

14 шiлде, 18:02

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аудан мен қалаларды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көруде. Бұл жолы облыс басшысы Сайрам ауданындағы бірнеше нысандарды ашып, мұндағы ел-жұрттың қуанышымен қуанышымен бөлісті. Сондай-ақ аудан активімен кездесіп, Сайрамды дамыту жолдарын талқылады. Өңір басшысы ауданның әлеуеті толық қолданылмай отырғанын сынға алып, кемшілікке жол берген басшылар мен ауыл округі әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды. Жауапты тұлғаларға ескерту жасап, олқылық жойылмаса, шара қабылданатынын ескертті.

Нұралхан Көшеров: «Жол жөндеу, инвестиция тарту, кірістердің көзін ұлғайту, салық жүйесіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырамын. Экономиканы әртараптандыру және жергілікті жобаларды іске асыру –  стратегиялық міндет. Мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетіліп жатыр. Нақты міндеттерді орындау кезінде ауылдық округ әкімдеріне салғырттыққа жол беруге болмайды. Осыған байланысты, 10 күн ішінде әр ауылдық округ кесіндісінде 2025 жылға жоспарланған жобалар бойынша нақты мерзімдерін көрсете отырып, салалық басқармамен келісіп, Жол картасын әзірлеуді  тапсырамын. Мемлекеттік міндеттерді орындауға салғырт қараған әкімдердің тәртіптік жауапкершілігі қаралатынын қатаң түрде ескертемін», — дей келе, «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы атқару керектігіне де тоқталды.

Жиында Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтың есебі тыңдалды.

Сонымен бірге басқарма басшылары өз салалары бойынша индикаторлардың орындалуына қатысты баяндама жасап, жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталды.

Облыс әкімі тарапынан нақты тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді.

Айта кетейік, Сайрам ауданында бес айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетіп, өсім 32,6 пайызды  құрады.  Жалпы өңірлік өнімнің 32,9 пайызы — ауыл шаруашылығы, 26,8 пайызы өнеркәсіп саласының үлесінде.  Биылғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 354,0 млрд теңгеге жеткізіп, 13,4 пайыз өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласында 5 айда 37,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім  4,1 пайыз деңгейінде болды. Өсімдік шаруашылығында 1,6 млрд теңгенің, мал шаруашылығында 35,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Жыл басынан 14,9 мың тонна ет, 71,8 мың тонна сүт өндірілді. Жалпы биылғы жылы агроөнеркәсіп кешен саласында өнім көлемін 160,0 млрд теңгеге жеткізу межеленген.

Аудан экономикасына 29,2 млрд теңге инвестиция тартылып, былтырға қарағанда өсім 2,4 есеге жетті. Тартылған инвестицияның 73,6 пайызы – жеке инвестиция.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады