jasqazaq.kz

Түркістан полициясы жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

11 сәуiр 2024, 15:25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында елде насыбай ататындарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екенін атап өткен еді.

Осыдан кейін бүкіл ел аумағында насыбайдың зардабы, оны сату мен қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіле бастады. Түркістан өңіріндегі құқық қорғау органдары бұл істен шет қалмады.

Таяуда Түркістан облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасы және денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері бірлесіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттерімен кездесті. Онда «насыбайдың» көп онкологиялық ауруларға әкеп соғатынын, денсаулыққа өте зиянды психатроптық зат екендігі, оны өндіруге, сатуға және қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салынғаны туралы түсіндірді. Сондай-ақ жастарға осындай іс-әрекеттерге жол берілген жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтары ескертілді.
Сондай-ақ ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы басшылығының қолдауымен білікті мамандар қатарын толықтыру мақсатында жастармен кездесу өткізуді қолға алды. Сондай жүздесудің бірі Түркістан облысында жалғасын тапты. Өңірде білім ошақтары мен колледждерде білім алатын жастардың академияға оқуға түсу мүмкіндіктері жайлы және кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, шарада полиция полковнигі Қанатбек Тілеубердиев, полиция полковнигі Айболат Маймақов және Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділ Бақашбаев Түркістан қаласында орналасқан Ататүрік, М.Мәметова, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептердің 100-ге жуық білім алушыларына кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

Полиция полковнигі Қ. Тілеубердиев өз сөзінде: «Полиция қызметкерінің міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық құқықтарын қорғау. Жыл сайын полиция қызметінің беделі артып, халықтың құқық қорғау органдары саласының қызметкерлеріне деген көзқарасы оң нәтиже беруде», – деді

Басқосуда академияның оқу бағдарламасымен танысқан оқушылар полицияда қызмет ету жайында, оқу сапасы туралы өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ тағылымы мол жүздесу үшін полиция ағаларына зор ризашылығын білдірді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету