jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция браконьерлерге қарсы аяусыз күрес жүргізеді

14 мамыр 2024, 15:10

Заңсыз аң аулау экологиялық жүйеге айтарлықтай зақым келтіретінін, жануарлар дүниесіндегі тепе-теңдікті бұзатынын айтып, мамандар үнемі дабыл қағады. Сондықтан біздің елімізде браконьерлікке қарсы аяусыз күрес жүргізіледі. Мәселен, өткен жылы заңсыз аң аулаудың 130 дерегі анықталды. Браконьерлердің кесірінен еліміздің биоәртүрлілігіне келтірілген шығын былтыр 19,5 млрд теңгені құраған. Осы көрсеткіш 8 млрд теңгеден аспаған 2021 және 2022 жылдармен салыстырғанда, шығын едәуір өскен.

Ал географиялық жағына келсек, заңсыз аң аулау фактілері  негізінен Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола және Ақтөбе облыстарында көп.  Түркістан облысы браконьерлік құлашын кең жайған аймақ саналмайды. Бұл өңірдің полициясы заңсыз аң аулауға жол бермеуге тырысады.

Соның бір айғағы – күні кеше Созақ ауданы мен Шымкент қаласы аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулау, сондай-ақ дериваттарды сақтау және сатуға күдікті адамдар тобының қылмыстық әрекетін анықтап, құрықтауы.

 

Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жеті адамды ұстады. Полицияға жеткізілгендердің 4-еуі — Қазақстан азаматы, ал қалған үшеуі елімізде тұруға ықтиярхаты бар Сирия азаматтары болып шықты.

Тінту барысында полиция олардан 382 ақбөкен мүйізін, 119 томаға, 20-дан астам құс ұстауға арналған тұзақ, 7 рация, аңшылық мылтық, 1 пневматикалық мылтық, оптикалық көру құралы, жарықтандырғыш, бинокль, шамамен 15 келіге жуық арқар еті және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Браконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мемлекетке келтірілген шығынның алдын ала есептелген көлемі 1 миллиард теңгеден асады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда