jasqazaq.kz

Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды

14 шiлде 2025, 18:06

Шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасының драйвері саналады. Сондықтан біздің елімізде кәсіпкерлікпен айналысатын жандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Түркістан өңірінде де кәсіпкерлермен жиі-жиі кездесу өткізіліп, ұсыныс-өтінітері тыңдалады.

Сондай кездесудің бірі Отырар ауданында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Өңірлік кеңес кәсіпкерлерімен өтті.  Кездесуге Арыс қаласы мен Отырар ауданынан келген кәсіпкерлер, Өңірлік кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және салалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және Палата директоры Асылан Ибадуллаев кәсіпкерлерді жеке қабылдап, өзекті мәселелерін тыңдады.

Арыс қаласының кәсіпкерлері жер, жол белгілері, оның ішінде, ішкі көшелерде жүк көліктерінің жүруіне рұқсат беру, Түркістандағы Шеберлер орталығынан орын алу, субсидия, шетел азаматтарын жұмысқа алу мәселелерін көтерді. Ал отырарлық кәсіпкерлер су тапшылығы, табиғи газға қосылу, электр желісін тарту сияқты мәселелерді ортаға салды.

Кәсіпкерлер мен билік арасындағы ашық диалог алаңына кездесуде көтерілген мәселелерді заң аясында жедел әрі жүйелі шешу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Кездесуден кейін бизнес өкілдері Отырар ауданындағы «Lihua Spinning Technology Co., Ltd» кәсіпорнына барып, шетелдік инвестордың тоқыма өндірісімен танысты. Қытай компаниясы осы өңірде 500-ден астам адамды жұмыспен қамтып, заманауи технологиялармен жұмыс істеуде. Бұл – Отырар ауданындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі.

JQAqparat

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды