jasqazaq.kz

Түркістан: Ордабасыда ынтымақтастық рухын арттыруға арналған жиын өтті

28 шiлде 2025, 13:42

Қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру, өзара келісім мен бірлікті нығайту ісінде Қазақстан халқы асссамблеясының қосып отырған үлесі зор. Ассмблея Түркістан өңірінде де белсенді жұмыс жүргізіп, түрлі іс-шараларды ұйымдастырады.

Мәселен, жуырда Ордабасыдағы жастар сарайында Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру мақсатындағы жиын өтті.

Бұл жиынның мақсаты – этнос өкілдері тығыз қоныстанған елді мекендерде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, медиацияның маңызын түсіндіру және азаматтық бейбіт қарым-қатынасты қалыптастыру.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз жүргізіп, жобаның маңыздылығына тоқталды.

Ал Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының жетекшісі Ерсұлтан Әмірбек этносаралық татулықты сақтаудағы ақпараттық саясаттың рөліне тоқталып, қоғамдағы бірлік пен толеранттылық туралы ой қозғады.

Облыстық Медиация кеңесінің мүшесі Жұлдыз Төлебекқызы медиация – дау-дамайларды шешудің тиімді жолы екенін атап өтіп, этносаралық қатынастарда өзара түсіністік пен келісімнің маңызын түсіндірді.

Іс-шараға Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік өкілдері және белсенді жастар қатысты.

«Достық керуені» – бейбітшілік пен келісім, ынтымақтастық рухын арттыру  жолы. Бұл жоба – әртүрлі этностар арасындағы достықты нығайту, түсіністік пен бірлікті арттыруға бағытталған.

 

JQ-Aqparat

 

Сурет: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес