jasqazaq.kz

Түркістан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты (Видео)

13 қазан 2022, 12:46

Түркістан облысында автобус пен ГАЗель көлігі соқтығысып қалды. Салдарынан бір адам ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазанда Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Видео әлеуметтік желіден алынды.

Оқиға орнына бірден полицейлер шықты. Анықталғандай, таңғы сағат 08:00 шамасында Самара – Шымкент тас жолында ГАЗель автокөлігі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жол апаты салдарынан автобус жолаушыларының бірі, Түркістан қаласының тұрғыны алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. 5 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Қарсы бағытқа шығып кеткен ГАЗель көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті