jasqazaq.kz

Түркістан облысында жоғалған 300 бас мал иелеріне қайтарылды

12 қазан 2022, 12:09

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері жоғалған 300-ден астам малды иелеріне тауып берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Түркістан облысында жыл басынан бері 204 дерек мал ұрлығы тіркелсе, оның 67-сі қорадан ұрланып, 137-сі жайылымнан кеткен.

Сонымен қатар түркістандық тәртіп сақшыларының жедел шараларының нәтижесінде жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 14 қылмыстық топ құрықталды. Олардың 76 дерекке қатыстылығы анықталды.

Жалпы, облыс бойынша осы жылы 868 төрт түлік ұрланса, оның ішінде 330-ы табылып, өз иелеріне қайтарылған. Мал ұрлығының басым көпшілігі тұрғындардың салғырттығынан орын алады.

Яғни, жайылымдарға қараусыз жіберілген үй жануарлары ұрылардың оңай олжасына айналады және құжатсыз мал тасымалдайтын көліктер де мал ұрлығы қылмысының орын алуына себепкер болады.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері қылмыстардың алдын алу үшін рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тіпті мал тасымалдайтын жүк көліктері мен автокөліктерді, мал сойып ет өңдейтін орындарды да тексеруді назардан тыс қалдырмайды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті