jasqazaq.kz

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты

03 ақпан 2025, 18:20

Сурет: Түркістан облысы полициясының баспасөз қызметі

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Түркістан облысының полициясы 3 ақпанда «Кентау-Түркістан» тас жолының 5-ші шақырымында екі «Ауди» көлігінің қатысуымен жол апаты орын алып, одан кейін өрт шыққанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 зардап шегуші түрлі жарақаттармен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды, — делінген полиция хабарламасында.

Түркістан облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады