jasqazaq.kz

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды (Видео)

04 қазан 2022, 10:01

Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол апаты бойынша тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, бейнежазбадағы жол апаты 28 қыркүйекте Төле би ауданы Көксайек ауылы көшелерінің бірінде Ваз-2103, Audi 100, Mazda 626 көліктерінің қатысуымен болған.

«Төле би аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған көлік жүргізушісіне күмәнданып, қандай да бір апаттың алдын алу үшін мән-жайды білуге тоқтатпақшы болады. Осы сәтте көлік иесі одан сайын жылдамдықты асырып, тоқтаудың орнына қаша жөнеледі. Көз ілеспес сәтте қашқан автокөлік басқа да көліктерге соқтығысып, салдарынан жол апаты болған. Оқиға орнына Төле би АПБ-ның басшылығы мен прокурорлар, жедел-тергеу тобы келді», — делінген хабарламада.

Ал аталған жайт Төле би АПБ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелген. Жол апаты салдарынан Ваз 2103 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, оның жолаушысы мен Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті.

«Қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ал қаза болған жүргізушінің туыстары жол апаты бойынша полиция қызметкерлерінің үстінен арызданды. Олардың шағымы бірден тіркеуге алынып, Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жол апатының себеп-салдары мен мән-жайын анықтауға қатысты жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесі күтіледі. Заңға сәйкес сараптама қорытындысымен нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Бұл іс Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке бақылауында», — деп толықтырды ведомство.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті