jasqazaq.kz

Түркістан облысында мектептегі төбелестен кейін жасөспірім қыз ауруханаға түсті

21 желтоқсан 2021, 15:51

Түркістан облысының Кентау қаласында жасөспірім қыздар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Бұл оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрда бір қыздың екіншісінің шашынан жұлып, басынан ұрғылап жатқанын көруге болады. Ал видеоны түсіріп тұрғандар ажыратудың орнына төбелестің көрігін қыздырып тұр.

Аталған факт бойынша 17 желтоқсанда Кентау полициясына жәбір көрген қыздың анасы шағымданды. Оның айтуынша, қызы көптеген дене жарақатын алған.

Мәлім болғандай, жоғары сыныпта оқитын екі қыз сөзге келіспей қалған. Арты жанжалға ұласып, олар мектеп ауласында жаға жыртысқан.

Оқиғадан кейін бір қыз ауруханаға жеткізілді.

Полиция екі жасөспірімнің ата-анасымен және мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Төбелестің кадры заңгер Айгүл Орынбектің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықты алдын алмасақ, болашақта түрмелер ел бұзарларға толады! Ерлан Тұрғымбаев мырза жергілікті полиция инспекторлары мектептерді аралап «жастар арасындағы қылмысты алдын алу бағытында» түсіндірме жұмыстарын өткізу керек деп ойлаймын», — деп жазды ол.

Заңгердің айтуынша, Түркістан облысы, Кентау қаласы №1 -ші мектептің 8-ші сынып оқушысы жәбірленушіні бірнеше қыз болып аса қатыгездікпен сабаған.

«Барлығын видеоға түсіріп тұрған. Оқиға болған орын Кентау қаласы 22-ші мектептің территориясы. Қазіргі уақытта таяқ жеген 14 жастағы оқушы қыз Кентау қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Қыздың анасының айтуынша, дәрігерлер тиісті медициналық сараптамаларды бермей отыр. Учаскелік полиция келіп шағым алғаннан әрі іс қозғалмай тұр. Істі жылы жапқылары келеді дейді. Мектеп әкімшілігі тарапы үнсіз. Қыз мектепке барудан бас тартып жатыр дейді анасы. Жақындары қыздың психикалық жағдайы алаңдатып отырғанын айтады», — деп жазды ол.

02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
02 шiлде, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
02 шiлде, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
02 шiлде, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар