jasqazaq.kz

Түркістан облысында ломбардқа қарулы шабуыл жасалды

28 қыркүйек 2022, 15:50


Түркістан облысында ломбардқа қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне қалада орналасқан ломбардтардың бірінің қызметкері арызданған. Айтуынша, кешкі уақытта бетіне медициналық маска, басына бейсболка киген ер адам қару ұстап кіріп келіп, ақша талап еткен. Үрейі ұшқан ломбард қызметкері кассадағы 1,2 млн теңгені ұстатқан. Күдікті оны касса кабинасында қалдырып, сыртынан құлыптаған. Солай ізін суытқан.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді.
«Аталған ауыр қылмысты ашу үшін полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шұғыл жетті.

Полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» құрықтау мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде бірнеше күн ішінде бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Тәртіп сақшылары сезіктіні тұрғылықты мекенжайынан ұстап, полицияға жеткізді. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті тонау әрекетіне бармас алдын қаладағы бірқатар ломбардты бақылап шыққан. Содан жәбірленуші тараптың ломбарды кешке дейін істейтінін біліп, оны тонауды ойластырған. Барынша қараңғы түскенін пайдаланып, ойын жүзеге асырған», — делінген полиция мәліметінде.

Күдіктің сөзінше, ол қылмысқа ақша қажет болғандықтан барған. Айғақты зат ретінде пневматикалық тапанша алынды. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті