jasqazaq.kz

Түркістан облысында қатты жаңбыр жауып, бір бала қаза тапты

26 қазан 2022, 16:22

Түркістан облысында 26 қазан күні сағат 01:00-ден 07:00-ге дейін қатты жаңбыр жауды. Екі жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазығұрт ауылындағы үйдің ауласында 2020 жылы туған бала қайтыс болды. Үлкендердің қарауынсыз қалған ол жаңбыр суы толтырылған шұңқырға құлап, батып кеткен.

Сонымен қатар басқарма жеке тұрғын үйді, 21 ауланы су басқаны туралы хабарлады. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш өңірлерінде 13 бас ұсақ мал өлген.

Қазір суды сору жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.

Су басқан жағдайда не істеу керек?

Қажет құжаттарды, құнды заттарды, дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да қажет заттарды тез жинап алу қажет.

Балаларға, мүгедектігі барларға және қарттарға көмек көрсету қажет. Әуелі оларды эвакуациялау керек.

Су басу аймағынан мүмкіндігінше тезірек кету керек.

Үйден шықпас бұрын электр қуатын және газды, пештердегі өртті өшіру керек. Терезелер мен есіктерді жабу қажет.

Малды босату қажет.

Жоғарғы қабаттарға көтерілген дұрыс.

Суға түскеннен кейін өзіңізден ауыр киім мен аяқкиімді шешіп, көмек келгенше пайдалануға болатын заттарды жақын жерден табуға тырысу қажет.

Ведомство хабарлағандай, су азайған соң, үзілген және салбырап қалған электр сымдарынан сақ болу керек.

Сонымен қатар суға түскен тағамды пайдалануға және тиісті санитарлық тексеріссіз су ішуге тыйым салынады.

Су басылғаннан кейін тұрғын үйге кірер алдында мына сақтық шараларына мән беру керек:

желдету үшін есіктер мен терезелерді алдын ала ашу керек;

бөлмені желдетпейінше ашық отты қолданбау керек (газдардың жарылғыш және жанғыш концентрациясы болуы мүмкін);

электр желілерінің жұмысқа жарамдығы тексерілгенге дейін жарықтандыруды және басқа электр құралдарын қосуға тыйым салынады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті