jasqazaq.kz

Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді

24 мамыр, 11:24

Түркістан облысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 14 индустриалдық аймақ ашылған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруде. Мұндағы мақсат – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін өндіріс орындарын көбейту. Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биыл облыста аумағы 744 гектарды құрайтын жаңа бес аймақ құрылды.

Атап айтқанда, «Жетісай» индустриалдық аймағы – 59 гектар, «Отырар» индустриалдық аймағы – 85 га, «Арыс» индустриалдық аймағы – 30 гектар, «Қарамұрт» индустриалды аймағы – 523,9 гектар және «Шардара-2» индустриалдық аймағы 46,1 гектар жерге орналасқан. Бұл аймақтарда құны 129 млрд теңгені құрайтын жалпы 84 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, биыл 49,7 млрд теңгеге 17 жобаны іске қосу көзделіп отыр.

Сондай-ақ облыстың Төлеби ауданында бір индустриалдық аймақ ашу және Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданындағы екі аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Ал Сауран ауданында «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 152 өндірістік ғимарат салып, 308 млрд теңге инвестиция тарту көзделген болатын. Бұл бастама 6 040 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 11 жоба іске қосылып (11 ғимарат), жұмысын бастап кетті. 790 жұмыс орны ашылды.

Биыл тапсырылатын 29 ғимараттың құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталды. Соның нәтижесінде 26 жоба іске қосылады. Жалпы бірінші кезең қорытындысымен 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген. 136,8 млрд теңгеге 37 жоба жүзеге асырылады. Қытайдың ірі компаниясымен келіссөз жүргізіліп, өнеркәсіптік парк аумағында ауыл шаруашылығы дрондарын шығаратын зауыт салу бойынша келісім жасалды. Жобаның құны – 5 млн доллар. Зауыт іске қосылғаннан кейін айына 600 дана дрон шығаруға қуаты жетеді.

Сондай-ақ парк аумағында «Жасыл суық Қазақстан» (UBC) халықаралық компаниясы тоңазытқыш шығаратын зауытты іске қосты. Жобаның жалпы құны — 60 млн еуро. Зауыт толық іске қосылғанда қуаттылығы жылына 140 мың дана болады деп жоспарланған.

«Шағын өнеркәсіптік парк» жобасының мультипликативтік тиімділігін ескере отырып, Бәйдібек, Келес, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас Сайрам және Сарыағаш аудандарында осы тәжірибені ендіру жұмыстары жүргізілуде. Сәуір айында Ордабасы ауданында 8 гектар аумақта «Бадам» өндірістік паркінің құрылысы басталды. Ол жерге кәсіпкерлер 5 өндіріс орнын ашуға қызығушылық танытып отыр. Бұдан бөлек, Сауран ауданындағы Иассы, Қарашық, Үшқайық, Жүйнек ауылдарында жергілікті кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен 4 шағын өндірістік алаңда 22 ғимараттың құрылысын бастап кетті.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті