jasqazaq.kz

Түркістан облысынан Алматыға қарай барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді (Видео)

Бүгін, 15:42

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы бағытында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өңір полицейлері күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқарып жатыр.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол шетіне шығып кеткен автокөліктерге көмек көрсетіп жатыр.

– Көршілес облыстарда қалың қар жауып, республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы қиындауына байланысты Шымкент бағытынан Тараз және Алматы қалаларына қарай барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері өңір тұрғындары мен қонақтарын жол ережелерін қатаң сақтауға, алыс жолға шықпауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.

Фото:  Kazinform

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?