jasqazaq.kz

Түркістан: Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытайға барып, инвесторларымен кездесті

Бүгін, 12:50

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, делегация осы сапар барысында шетелдік инвестицияларды тарту және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында қытайдың ірі компанияларымен екі жақты кездесулер өткізіп, бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылады. Бұл келісімдер өңір экономикасын дамытуға, инвестициялық әріптестікті нығайтуға, заманауи өндіріс ошақтарын ашу арқылы өңір халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Аймақ басшысы кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырады.

Облыс әкімі бастаған делегация жұмыс сапарының алғашқы күні Қытай елінің астанасы Бейжіңде бірқатар инвесторлармен кездесті. Олардың басым бөлігімен Түркістан облысында бірлескен жобалар басталып кеткен. Іскерлік кездесу барысында тараптар энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын жан-жақты талқылады.

Осы елдің ірі сауда және инвестициялық, логистикалық компаниясының басшылығымен кездескен облыс әкімі бастаған делегация осы салада бірлесе жұмыс істеуге қатысты бірқатар жобаларды талқылады. Мекеме басшыларымен бірлескен кәсіпорындар ашып, әртүрлі салаларда бастамаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу барысы талқыланды. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласында қал­дықсыз өндіріске қатысты жоба барысы талқыланды. Мал терісі, сүйегі, мүйізі, ішек-қарын сияқты терең өңдеуге түскен қалдықсыз өндіріс нәтижесінде кәдеге жаратар өнім шығаруға бағытталған бизнес жобаны жүзеге асыру жолдары қаралды. Жоба Түркістан облысының кәсіпкерлері тарапынан қолдау тапты.

Облыс әкімі сондай-ақ тәулігіне 100 тонна қоқыс қалдықтарын өңдейтін ҚХР-ң жетекші компанияларының бірінің басшылығымен кездесті. 200-ден астам толық циклды зауыт салған компания қалдықтарды энергияларға айналдыратын технологиямен эко-индустриалды парктерді дамытуға инвестиция салатын әлемдегі ең ірі кешендердің бірі. Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы екені анық. Нұралхан Көшеров келіссөздер барысында қоқысты кәдеге жаратудың жаңа жолдары жасақталған кәсіпорынды бірлескен жоба бастауға шақырды.

Сондай-ақ Түркістан облысында қызылшие (черешня) өсіру және жемісті қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру бойынша компания басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Инвесторалармен Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы зор әлеуетті ескере отырып, Түркістан облысында шие өсіру және өңдеу бойынша заманауи агропарк құруға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру барысы талқыланды. Компания шие өсіру, жеміс өңдеу мен өндірістік тізбекті басқарудың заманауи технологияларымен жабдықталған.

Түркістан облысында қызылшие (черешня) ағашының көлемі 100 гектардан асады. Өткен жылы 1,5 тонна өнім жиналды. Облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту, бұл бағытқа инвесторлар тарту жұмыстарына күш салынды. Жеміс ағаштарына мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.
Кездесуде мақта өсіру, иіру және тоқыма өндірісін ұйымдастыру бойынша жүзеге аса бастаған жоба талқыланды. Айта кетейік, Сауран ауданында Түркістан облысының шаруаларымен бірлескен жоба былтырдан бері жүзеге аса бастаған. Шаруалар тамшылатып суару әдісімен мақта егіп, су үнемдеп, өнімді артығымен алып жатыр. Бұл бастама ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіпті қатар дамытуды көздейді.

Түркістан облысында мақта сапасын арттыру мақсатында жаңа тәсілмен мақта егілуде. Шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Шаруалардың айтуынша, алғашқы нәтижесі таңқаларлық жетістік беріп отыр. Жаңа технологияны ендіру есебінен өнімділікпен қатар, мақта талшығының бәсекелестік әлеуеті ұлғаяды. Жалпы өңірде мақта шаруашылығын дамыту бойынша бірнеше мақта – тоқыма кластері құрылады. Жобаны толық іске асыру нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік толығымен жойылады.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 12:50
Түркістан: Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытайға барып, инвесторларымен кездесті
Бүгін, 12:42
Түркістан: Хэйлунцзян провинциясымен іскерлік-экономикалық байланыс меморандумына қол қойылды
05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
03 маусым, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр