jasqazaq.kz

Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды

02 шiлде, 14:07

Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіні мәлім. Түркістан облысында бірқатар іс-шаралар қолға алынып, ойдағыдай жүзеге асырылып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандармен жиі-жиі кездесулер өткізіліп, олардың ұсыныс-өтініштері тыңдалады. Қажет болған жағдайда тиісті көмек көрсетіледі. Әлбетте, мұндай жүздесулердің пайдасы мол.

Жуырда Түркістан облысындағы «Самғау» оңалту орталығында Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма аға прокуроры Серікболсын Зәуірбеков пен облыс прокурорының көмекшісі Дидара Әбдірасылова ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін жеке қабылдау өткізді. Шара барысында азаматтар өздерін мазалаған әлеуметтік және құқықтық мәселелерін ортаға салып, тиісті кеңестер алды. Прокуратура өкілдері әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында жауап берді. Сондай-ақ бірқатар мәселені бақылауға алатындарын айтты.

Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Түркістанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жеке қабылдаудың басты мақсат – құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға қолдау көрсету. Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Бүгінде облыс аумағында 101 557 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Прокуратура органдарының қадағалау жұмыстарының нәтижесінде көптеген мүгедек жанның құқығы қорғалды. Жыл басынан бері Түркістан облысының прокуратура органдарының қадағалау қызметі аясында 15 434 мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқықтары қорғалды.
Мәселен, «Автомобиль көлігі туралы» заң талаптарына сәйкес, бірінші топтағы мүгедектер мен бірқатар әлеуметтік топ өкілдері үшін қалалық және қала маңындағы көлікпен тегін немесе жеңілдікпен жүру құқығы қарастырылған. Алайда облыстың кейбір аймақтарында бұл талаптардың орындалмауы анықталған. Жетісай, Мақтаарал аудандары мен Кентау қаласында жүргізілген тексеріс нәтижесінде 3263 мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Осы бағыттағы жұмыстар шеңберінде Ордабасы ауданы прокуратурасымен 1-топтағы мүгедек А.Ниязовтың тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылу фактісі бойынша тексеру жүргізілді.
Зерделеу нәтижесінде азаматтың кезектен заңсыз негізде шығарылғаны анықталды. Аталған заңбұзушылық бойынша тиісті ұсыну енгізіліп, тұрғын үй бөлімі басшысы мен жауапты маман қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде тұрғын үй кезегі қалпына келтіріліп, А.Ниязовқа пәтер табысталды.
Облыс прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі және нақты шараларды жалғастыруда.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының прокуратурасы

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады