jasqazaq.kz

Түркістан: Мақсат — жаңа өндіріс орындарын іске қосу

10 шiлде, 19:27

Түркістан облысында өндіріс орны көп. Жуық арада олардың қатарында толығып, жаңа өндіріс орындары ашылады. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында жаңа жобаларды іске асыру барысы талқыланып, түйткілді мәселелерді шешу жолдары қаралды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы өткен штаб отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысын бақылап, жауапты басшыларға бірқатар тапсырма жүктеді.

Нұралхан Көшеров: «Түркістан өңірінің экономикасын жаңа деңгейге көтеріп, дотациядан шығаруымыз керек. Алдымызда тұрған міндетті аса жауапкершілікпен атқару қажет. Біз әрбір жобаның сәтті жүзеге асуына қолдау көрсетеміз. Кедергілерді шешуге көмек көрсетіңіздер. Мақсатымыз бір – жаңа өндіріс орындарын іске қосу. Жаңа жоба – жаңа жұмыс орны, жаңа табыс көзі. Аталған жобалар іске асып, облысымыздың экономикасының дамуына драйвер болады деп сенемін, – деген Нұралхан Оралбайұлы әрбір жобаны жіті бақылап, жұмысты ширатуды тапсырды.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйін баяндап, қажетті инфрақұрылыммен қамту мәселелеріне тоқталды.

Сауран ауданындағы Шағын өнеркәсіптік аймағында орналасқан «TALIFA» ЖШС-ның кептірілген жемістерді өндіру жобасын іске қосу мақсатында өндірістік ғимараттың құрлысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 30 тоннаға жуық шикізат (кептірілген жүзім) Түркістан қаласына жеткізілген. Кәсіпорын 1 ай көлемінде жұмысын бастамақ. Түркістан қаласының «Turkistan» индустриалды аймағында «Мұнай Инвестмент Групп» ЖШС битум өндіретін зауыт пен битум қоймасын салу жұмыстарын қолға алды. Қазіргі уақытта қажетті 5 шақырым теміржол желісін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Шардара ауданында орналасқан «Казкрахмал» ЖШС тарапынан жүгеріні терең өңдеу зауыты жобасы іске асырылып жатыр. Бүгінде жүгері дәнін егуге 400 гектар жер учаскесі қарастырылуда. Одан бөлек, тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауытты, жиһаз фабрикасын, ет комбинатын, бу қазандықтарын құрастыратын зауытты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Айта кетейік, Түркістан облысы экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Түркістан өңірінде инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстары жалғаса береді.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке