Түркістан: Құқық бұзушылыққа жол берілмейді

24 қыркүйек, 15:58

Республика көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз қоғам» консолидациялық жобасының маңызы зор. Жобаның мақсаты құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мал ұрлығының алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өткізді

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы М. Әбдірахмановтың төрағалығымен мал ұрлығының алдын алу бағытында құзырлы органдармен атқарылған жұмыстар бойынша жиын өтті.

Жиынға облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Б.Байғозиев, ауыл шаруашылық басқармасының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің басшысы А.Құттыбаев, қала аудан әкім орынбасарлары, полиция қызметкерлері мен ветеринария саласының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелде «Мал ұрлығына қарсы тосқауыл» рейдтік іс-шарасы бойынша ұрлық қылмыстарының алдын-алу және оған қарсы іс-қимылдың жай күйі туралы тиісті бөлім мен мекеме басшылары баяндама жасады.

Сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында жаңа әдістер мен жобалар қабылдап, сол бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігі айтылды. Сонымен қатар үй жануарларын сырғалау, тасымалдауға қатысты мәселелер қозғалып, шешім жолдары талқыланды. Айта кеткен жөн, бүгінде мал ұрлығын болдырмау мақсатында ең үлкен мал базар аумағына 6 блокбекет қойылып, тәулік бойы жұмыс жасалуда.

Қазығұртта «Учаске» іс-шарасы өтуде

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы аумағында 16 қыркүйек пен 1 қараша күндері аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.

Аталған іс шараның басты мақсаты-ұсақ бұзақылықтан бастап, ауыр қылмыстарға дейінгі барлық құқық бұзушылықтарға қатысты алдын алу шараларын жандандыру, анықталған жағдайда қатаң шара қабылдау. Оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілері көріністеріне жол бермеу, азаматтармен тығыз сенімгерлік қатынастар орнату болып табылады.

Қазығұрттық тәртіп сақшылары бұл бағыттағы шаралар тек іс-шара кезінде емес, тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізді.
Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға шамамен 7 миллион теңге төленді. Түркістан облысында қару-жарақпен жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде.

Бүгінгі таңда 90 азамат полиция органдарына 105 бірлік тіркелмеген қару, оның ішінде 94 бірлік тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырды. Қаруды ерікті түрде тапсырғаны үшін оның түріне және техникалық жағдайына байланысты сыйақы қарастырылған.
Сонымен қатар Ішкі істер органдарына заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған 69 азаматқа 7 миллион теңге төленді.

25 шетелдік жауапқа тартылды

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын хабарлаймыз. Түркістан облысында 25 шетелдік жауапқа тартылды. Түркістан облысының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында ІІО-да есебінде тұратын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 364, әкімшілік қадағалаудағы 91, қорғау нұсқамасы берілген 491, 388 қолайсыз отбасы және пробация бақылауында тұрған 1488 адамды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерді.

Сондай-ақ қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 100-ден астам азаматтық қару иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 25 шетелдік жауапқа тартылды.

Бұдан басқа учаскелік инспекторлар, жергілікті атқарушы органдар, жұртшылық өкілдері бірлесіп, мәселелерді зерделеу және шешу, алаяқтықтың, мал ұрлығының, бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу бойынша түсіндірме жүргізу үшін халықпен кездесулер өткізді. Жадынамалар таратылды.

Айта кетейік, «Учаске» іс-шарасы облыс аумағында ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында өткізіледі. Шара құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ азаматтармен тығыз және сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін өткізілетін жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Әлима Әлмерек
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?