jasqazaq.kz

Түркістан: Қазығұртта — индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады

Бүгін, 15:06

Түркістан облысында индустриалдық аймақ көп. Жуық арада солардың қатарынан тағы біреуі қосылады. Қазір Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнім көлемін арттыру мақсатында «Тұрбат» агроиндустриалды аймағын құру жоспарлануда. 60 гектар аумақта 3,8 млрд теңгеге жылыжайлар бой көтеріп, 416 адам жұмыспен қамтылмақ. Жоба арқасында аудан шаруаларына жылыжай бизнесін дамытуға үлкен серпін беріледі деп күтілуде. Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Әзизхан Исмаилов баяндама жасап, аудан көрсеткіштеріне тоқталды.

Әзизхан Исмаиловтың айтуыеша, жалпы ауданға тартылатын инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді. Биыл құны 21,5 млрд теңге болатын 24 жобаны іске асырып, 749 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда. «Өңір экономикасына айтарлықтай әсер етуі тиіс жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Мәселен, өңірде балық және құс шаруашылығымен айналысушылар саны артып келеді. Сонымен қатар, егін шаруашылығында тамшылатып суғару технологиясына баса мән беріп жатқан шаруалар да жетерлік» — дей келе, аудан әкімі бірқатар ірі жобалар туралы айтып өтті.

Аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі биыл бес айда 42,3 млрд теңгеге жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 134,4 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Бүгінгі күні аудан тұрғындарының 98,3 пайызы ауыз сумен тұрақты қамтылған. Бұл көрсеткішті биыл жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал, табиғи газбен қамту көрсеткіші 90,1 пайызға жетсе, электр жарығымен қамту көрсеткіші 98,4 пайызды құраған.

Аудан басшысының айтуынша, интернет сапасын жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар қолға алынған. Қазіргі кезде инвестор «Сomdata» ЖШС тарапынан Қазығұрт, Қызылқия, Рабат елді мекендерінде талшықтық-оптика байланыс желісін жүргізу жоспарланған. Биыл Қызылқия елді мекенінен 745 абонентке, Рабат елді мекенінен 840 абонентке желі тарту жоспарлануда.
«Өңірдегі білім және медицина саласында да жақсы жаңалықтар жетерлік. 2024 жылы 4 жаңа мектеп пайдалунға берілсе, биылғы оқу жылында да тағы 3 білім нысаны бой көтеруде. Сонымен қатар, өткен жылы 5 медициналық нысан құрылысы аяқталып, қолданысқа ұсынылса, 2025 жылдың қорытындысымен 4 нысан ем алушыларды қабылдауға дайын болмақ», — дейді аудан әкімі.
Ал Отырар ауданында биыл жалпы құны 37 млрд 400 млн теңгені құрайтын ірі және шағын жобалардың құрылысы басталды. Жоба аясында маусымдық жұмыспен – 102 адам қамтылса, оның 67-сі тұрақты қызметке орналасты. Сондай-ақ аудандағы индустриалдық аймаққа 2025-2026 жылдары жергілікті және шет елдік инвесторларды тарта отырып, түрлі салаларды қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп саласы бойынша қызығушылық танытып отырған инвесторлар бар.

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мынадай мәліметтерді келтірді: «Ауданымыздағы индустриалды аймақта тәулігіне 120 тонна мақта өңдеуге қауқарлы «Otyrar Cotton» ЖШС жұмысын бастамақ. Жалпы құны 2,1 млрд теңгені құрайтын жоба аясында 15 адам жұмыспен қамтылады. Биылғы жылдың мамыр айында құрылысы басталған нысан қазан айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, қуаттылығы күніне 10 тоннаға жететін күріш өңдеу зауыты мен тәулігіне 200 тонна мақта майын өндіретін зауыт құрылыстары да жүргізіледі».

Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 25,2 млрд теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,1 млрд теңгеге артық орындалған. Сондай-ақ, биыл 54 100 гектарға егіс егу жоспарланып, жоспар 54 796 гектарға орындалған. Яғни егіс көлемі 19 795 гектарға артты.

Ауданда жыл басынан бері 7 387 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көрсеткіш былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда 116,5 пайызға орындалған. Өңір тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер орын алуда. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 98,6 пайызы ауыз сумен қамтылса, табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 71,4 пайызға жеткен.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді