jasqazaq.kz

Түркістан: Қараусыз мал жол апатына себепші

15 тамыз 2024, 15:26

Қараусыз, бақылаусыз жүрген төрт түлік кейде жол-көлік оқиғасына себепші болады. Сондықтан өз бетінше жайылып жүрген малды қамауға, олардың иелерін анықтау мен құжаттарын түгелдеу мақсатында Түркістан облысы бойынша 88 оқшаулау қорасы белгіленген. Бұл орындарға жыл басынан бері үш жарым мыңға жуық мал қамалды. Мұндай шара қараусыз жүрген үй жануарларының кесірінен болатын жол апаттарын болдырмауға бағытталып отыр.

Қазіргі уақытта полиция мен жергілікті атқарушы органдар осындай оқшаулау орындарын көбейту бағытында жұмыстарды жүргізуде. Бұл өз кезегінде меншікті тексеруге, мал ұрлығының алдын алуға, есепке алынбаған малға ветеринариялық талдау жүргізуге және ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларын болдырмауға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, облыстағы учаскелік инспекторлар халықпен есеп беру кездесулерін өткізіп, ауыл көшелерін сапалы бейнебақылау жүйелерімен жабдықтауды, үй жануарларына электронды «GPS» чиптерін енгізуді және жарықтандырғыш ленталар тағу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан учаскелік полиция инспекторлармен жалпы 1 627 халықпен кездесу өткізіліп, қауіпсіздік шаралары туралы мағлұматтар берілді.

Сондай-ақ облыста мал ұрлығының алдын алуға да полиция тарапынан үздіксіз жұмыс жүргізіледі. Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ердәулет Амантаевтың төрағалығымен мал ұрлығы қылмысының алдын алу бойынша арнайы жиында мал ұрлығына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралып, шешім жолдары талқыланған болатын. Жиында келтірілген мәлімет бойынша жыл басынан берң өңірде ұрлық қылмыстары, жалпы қылмыс санының 12,9 пайызын құраса, оның ішінде мал ұрлығы 1,9 пайыз болды. Ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша, 50 дерек мал ұрлық қылмысы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 47,4 пайызға төмендеген. Ал 50 дерек мал ұрлығы қылмыстарының қазіргі уақытта 29 дерегі ашылып, облыс аумағында мал ұрлығын «кәсіп» еткен 8 қылмыстық топ құрықталып, 18 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған қылмыстық топтың нақты – 12 дерек мал ұрлығы қылмыстарына қатыстылығы толық делелденген. Одан бөлек, 5 дерек мал ұрлығы бойынша қылмыс жасаған тұлғалар анықталып, оларға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қойшыбек мәлімдеді.
Жиын барысында ауылдық округ әкімдеріне, тұрғындарына малдарды қараусыз қалдырмай, үнемі бақылауда ұстау, пайда арқылы мал бағудың тиімділігін түсіндіріп, арнайы бақташыларды шығару жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ ветеринария мамандарымен бірлесіп, әрбір малдың нақты есебін жүргізу, малды таңбалау, сырғалау, секілді ветеринарлық паспорттар беру жұмыстарын үзбей жүргізу жөнінде тапсырмалар жүктелді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті