jasqazaq.kz

Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесуі басталды

27 мамыр 2025, 14:25

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды.

Кездесу барысында қала әкімі сектор аумағында атқарылған жұмыстар мен 2024 жылы көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жобалармен таныстырды.

Жергілікті тұрғындар кәріз желілері мен жол сапасы, қоғамдық көлік қатынасы, жарықтандыру және интернет қолжетімділігі секілді өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Шаһар басшысы барлық сұрақтарға заң аясында нақты жауап беріп, кейбір мәселені орнында шешіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жалпы, Яссы секторында тұрғындар тарапынан 20 мәселе көтеріліп, олардың 7-еуі нақты шешімін тауып, қалған 13 мәселе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірілді.

Әзімбек Пазылбекұлы өз сөзінде Түркістан қаласының даму динамикасына тоқталып, мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқан инфрақұрылымдық жобалармен таныстырып, тұрғындардың белсенділігі мен ұсыныс-пікірлерінің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, тұрғындарды қаланың тазалығы мен қауіпсіздігін бірлесе қамтамасыз етуге шақырды.

Кездесу соңында қала басшысы бастаған сала басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.
Айта кетейік, қала әкімінің халықпен кездесуі 27 мамыр күні сағат 15:00- Бірлік секторында орналасқан №27 мектепте, 28 мамыр күні сағат 10:00де — 1-ші мөлтек ауданында орналасқан №4 мектепте, 15:00де — Сандыбаев көшесіндегі №18 мектепте, 29 мамыр күні сағат 10:00де- Мәдени рухани орталықта орналасқан «Ұлы-дала орталығы» кешенінде, 15:00де- ӘІО-ғы 9-шы көше бойында орналасқан №33 мектепте өтеді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз-қызметі

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам