jasqazaq.kz

Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады

27 маусым 2025, 10:53

Кентау қаласында биыл жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылмақ. Срның нәтижесінде 492 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Оның ішінде, өнеркәсіп саласында 4 ірі жоба жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Осы және өзге де жетістіктер туралы Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов брифингте баяндап берді.
«Биыл ашылатын төрт ірі жобамыздың екеуі арнайы экономикалық аймақта, қалған екеуі индустриалды аймақта орналасқан. Атап айтар болсақ, «KentauRedStar»ЖШС-і – кірпіш өндірісімен айналысады. 2023 жылы құрылысы басталған нысанның жоба құны — 1,5 млрд теңге. Биыл мамыр айында іске қосылған зауытта 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны жылына 45 млн дана кірпіш өндіруге қауқарлы. Бұдан бөлек, «TURAN SHENHUA» ЖШС-і газ қазандықтарын және тұрмыстық техникалаларды өндіруді қолға алмақ. 2025 жылдың қараша айында жұмысын бастайды деп жоспарланған өндіріс орнында 120 адамға жұмыс табылмақ. Жоба құны – 2,4 млрд теңге. Сондай-ақ биыл аяқталуы тиіс жобалар қатарында металл бұйымдарын өндіруге бағытталған «АйдарСтройГрупп» ЖШС-і және «Сапар Құрылыс-С» ЖК металл өндірісі цехы бар»- деді спикер.
Биыл жыл басынан бері Кентау қаласының өңірлік өнім көлемі 33,1 млрд теңгені құраса, негізгі капиталға 5,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 23,6 млрд теңгеге жетіп, облыс бойынша 4-орынға жайғасты. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20,1 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2,1 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, қалаға қарасты аумақтарға туристерді тарту жұмыстары да қарқынды. Жыл басынан бері өңірге келушілер саны 16,6 пайызға артты. Бұл көрсеткішті жақсарта түсу мақсатында Хантағы ауылында 13 га жерге 15 заманауи модульді капсулалармен жабдықталған «KHANTAU» демалыс аймағын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жобаның құны 400 млн теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ, «Қаратау» қорығы аумағынан визит-орталығын салу көзделуде. Жалпы аумағы 300 шаршы метр аумақты алатын нысан 100 000 келушіні күтуге қауқарлы.

JQ-Aqparat
Сурет: Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі

Бүгін, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам