jasqazaq.kz

Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

19 шiлде, 19:55

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Соның бірі – Кентау қаласы, Қарнақ ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласына арнайы іссапармен барып, мәдениет үйінің құрылысымен танысты.
300 көрерменге арналған нысанның жалпы алаңы 0,7 гектар аумақты құрайды. Қазір екі қабаттан тұратын ғимараттың жарықтандыру жұмыстары қолға алынған. Биыл нысанның жұмысына 793 млн тенге қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта нысан қабаттарында монолит құю, бетондау жұмыстары аяқталды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған нысанның құрылысы жыл соңында немесе 2026 жылы аяқталуы тиіс.
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды. Жобадағы кемшіліктерді түзеуді міндеттеді.

Облыс әкімі сондай-ақ Қарнақ елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан «Kaz Real Meat» мал бордақылау алаңына барып, жұмыс барысымен танысты. Бірінші кезеңде 1500 бас ірі қара етін өндіретін кәсіпорында 2-кезеңде қуаттылығын 5 мың басқа жеткізу көзделген. Мұнда 25 адамдық жұмыс орны құрылады. Жоба құны – 1 млрд теңге. Бордақылау алаңы 31 гектар аумақта орналасқан. Жоспар бойынша, өнім ішкі нарыққа бағытталады және шетелге экспортталады.


Аралау барысында облыс әкіміне Қарнақ ауылында ашылатын шағын өндірістік парктің жобасы да таныстырылды.
Нұралхан Көшеров Кентаудағы индустриалдық аймақты да аралап, мұндағы өндірістік жобалармен танысты. Кәсіпкерлермен кездесіп, ұсыныс-өтініштерін тыңдады. Сала мамандарына өндірісті дамыту бағытында тапсырмалар жүктеді. Бұл салаға басымдық беріліп, қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қалада 43 гектар жерде индустриалдық аймақ орналасқан. Бүгінгі күні 7 жоба іске асырылған. Биыл үш жоба іске қосылмақ.
Өңір басшысы Кентау индустриалдық аймағында орналасқан «АБН Альянс» ЖШС-нің полиэтиленді құбыр өндіретін кәсіпорнының жұмысымен танысты. Сондай-ақ мұнда құбыр өндірісінен бөлек кірпіш зауытының жұмысы қарқынды жүргізілуде. Цехта жалпы саны 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба құны – 1,5 млрд теңге.
Биыл Кентау қаласында жалпы 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба толық іске қосылса, 492 жаңа жұмыс орны құрылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласы бойынша нақты 4 жоба құрылып, 310 тұрақты жұмыс көзі ашылады деп күтілуде. Ондағы 2 жоба арнайы экономикалық аймақта орналасса, қалған 2 жоба индустриалдық аймақта жүзеге асады. Мұндағы мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту, өңірдің өндіріс көлемін арттыра отырып, экономикалық дамыған аймаққа айналу. Сонымен бірге «TURAN SHENHUA» ЖШС газ қазандықтары мен тұрмыстық техникаларын өндіру жобасы жоспарда бар. Кәсіпорын 120 адамды жұмыспен қамтымақ. Құрылыс жұмыстары биылғы қараша айында аяқталады, жобалық-сметалық құны 2,4 млрд теңгені құрайды. Кентау индустриалды аймағында «АйдарСтройГрупп» ЖШС металл бұйымдарының өндірісі қолға алынады. Мұнда 50 тұрақты жұмыс орны ашылады, құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Жалпы өңірде метал құрылымдарының өндірісі даму үстінде. Оған дәлел, экономикалық аймақта тағы бір метал құрылымдарын өндіретін «Сапар Құрылыс-С»ЖК цехының құрылысы жүріп жатыр. Мұнда 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жоба құны 400 млн теңге.


Нұралхан Көшеров осы жұмыс сапарында қала әкімдігінің ғимаратында актив отырысын өткізіп, Кентауды дамыту жолдарын талқылады. Өңір басшысы бірқатар саладағы кемшіліктерге тоқталып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.
Облыс басшысы: «Қаладағы индустриалдық аймақтың әлеуеті жоғары болғанымен, қазіргі таңда инвестор тарту жұмыстары баяу жүріп жатыр. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруды тапсырамын. Жол картасы аясында биылға жоспарланған 10 жобаның 3-еуі ғана іске асырылып отыр. Реттеңіздер. Салалық басқармамен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселесін қайта пысықтап, тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырамын. Халықты табиғи газбен қамту бойынша да жұмысты жандандыру керек. Шұғыл арада газ нысандарының құжаттарын заңдастырып, тиісті мекеме теңгеріміне өткізіңіздер. Біз Кентауды дамытуда бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Бұл ретте әкімдікпен бірге депутаттардың да белсенділігі маңызды. Инвестициялық жобаларды қолдауға белсенді араласып, өз округтеріңіз бойынша әлеуетті жобалар мен мүмкіндіктерді зерделеп, нақты ұсыныстар беріңіздер», – деді.
Мәжілісте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Басқарма басшылары өз салалары бойынша кездескен кемшіліктерге тоқталып, шешу жолдарын талқылады.
Нұралхан Көшеров басқарма басшылары мен қала әкіміне тиісті міндеттер жүктеді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала тазалығын күшейтуді тарсырды. Тапсырмалар хаттамаға енгізілді.
Кентауда алты айда жалпы өнім көлемі 41,2 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 113,5% өсім деңгейінде болды. 2025 жылдың 6 айдың қорытындысымен қалалық бюджет 9,4 млрд. теңгені құрады. Жеке табыстар жоспары 2,1 млрдэд теңге болса, орындалуы – 2,4 млрд теңге немесе 111,6%. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің жоспары 11,4 млрд.теңге болса, нақты орындалуы 12,3 млрд теңгені құрап, өсімге қол жетті.
Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 млрд. теңгеге өскен.
JQ-Aqparat
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты