jasqazaq.kz

Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті

03 шiлде, 12:38

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Күні кеше облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Resource Іnvest» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде әріптестік орнату, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Нұралхан Көшеров: «Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Мақсатымыз – өндіріс орындарын көбейтіп, халықты жұмыспен қамту. Ұсыныстарыңыз зерделеніп, тиісті шешім қабылданады», – деді.

«Resource Іnvest» компаниясының өкілдері Евгений Клюев пен Яшар Латыев, сонымен бірге, осы компанияда қызмет ететін италиялық кәсіпкер Вессио Раффаэле металл кластерін дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Бұл жобаны Түлкібас ауданында жүзеге асыру көзделген. Металлургия зауытын ашу жобасын 2024-2032 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған. Жылына 403,2 мың тонна өнім шығару межеленген кәсіпорында 400 жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі жоба нақтыланғаннан кейін Жол картасын әзірлеу керек екенін айтты. Бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Бұдан кейін Нұралхан Көшеров Өзбекстаннан келген инвесторлармен кездесті. «U-UMAX Grouр» компаниясының өкілдері Түркістан облысымен әріптестік және іскерлік байланыс орнатуға ниетті екендерін жеткізді. Өңір басшысы Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқанын атап өтті.
Нұралхан Көшеров: «Өзбекстан – көршілес мемлекет қана емес, бауырлас ел. Орталық Азиядағы экономикасы дамып келе жатқан қос мемлекет арасында байланыс өте жоғары деңгейде. Түркістан облысында кәсіпкерлікті, өндірісті, туризмді, ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. Ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз», – деді.

Өзбекстандық кәсіпкерлер құрылыс, жол, теміржол және өзге де салалар бойынша жобаларды қарастыратындарын жеткізді. Әріптестікті, байланысты нығайту жолдары талқыланып, келіссөздер жүргізілді.

Айта кетейік, облыс көлемінде инфрақұрылым желілерімен қамтылған 19 индустриалды аймақ, шағын өндірістік парк, 5 өндірістік субзоналары бар арнайы экономикалық аймақ бар. Бұл аймақтарда 52 кәсіпорын жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қосымша 195,4 млрд. теңгеге 57 жобаға қажетті құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке