jasqazaq.kz

Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында

13 маусым 2025, 13:49

Жыл басынан бері Түркістан қаласының әлеуметтік саласында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Тү жылдың алғашқы бес айында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілген.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһарда 12 031 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Соның ішінде 7583 азамат жеке оңалту бағдарламасымен қамтылған. Бұл көрсеткіш – ерекше санаттағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың дәлелі.


Жыл басынан бері мүгедектігі бар азаматтар тарапынан 6325 өтініш түсіп, олардың 4033-і нақты құралдармен қамтамасыз етілген. Бұл ретте оңалтудың барлық түрлері қамтылғанын айту керек.
Протез-ортопедиялық құралдар 374 адам қамтамасыз етілді (60,03%).
203 адамға сурдо және тифло-техникалық құралдар берілді. Арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 227 адам (94,19%) қамтылды. Сондай-ақ 654 (25,57%) адам санаторлық-курорттық емдеуге жіберілді.
Жеке көмекші қызметімен 267 адам (100%) қамтылды.
Ымдау тілі маманының қызметі 148 адамға (99,33%) ұсынылды.
Міндетті гигиеналық құралдар 2160 адамға (97,65%) таратылды.
Бұл көрсеткіштер инклюзивті қоғам құру, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың Түркістан қаласында нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді.


Сонымен қатар қала аумағында арнайы әлеуметтік көлік қызметтері де тиімді жұмыс істеуде:
• 11 инватакси, оны тұрақты түрде 211 адам пайдаланады;
• 4 әлеуметтік такси, оны 51 азамат қолданады;
• Күндізгі қатынау орталығы арқылы 50 ерекше балаға тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды