jasqazaq.kz

Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды

02 шiлде, 15:08

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасын тауып, қарқынды жүргізілуде. Жуырда облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістандағы сарқынды су ғимаратының жай-күйімен танысты.

Шаһардың кәріз суы жиналатын нысанда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда, №2 кәріз тазалау блогы реттелуде. Осы жұмыстар нәтижесінде механикалық, биологиялық, химиялық, технологиялық тазалау тетіктері қалпына келеді. Аталған жобаға 400,7 млн теңге қарастырылған. Ал құрылыс жұмыстары биыл қараша айында аяқталуы тиіс.

Нұралхан Көшеров қала әкімі мен жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы атқарып, қаланың инфрақұрылымына қатысты жобаларды назарда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 2018 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 15 пайыз ғана болған. 2020-2025 жылдар аралығында Түркістан қаласында кәріз жүйелерін дамыту бағытында ауқымды жобалар іске асырылуда. Қолданыстағы сарқынды су құбырларының ұзындығы 401,6 шақырымды құрайды. Бұл желілерге 17581 абонент қосылған. Жалпы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 36,5 пайыз деңгейінде.

Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын сарқынды су жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобалар аясында қала аумағында инженерлік инфрақұрылымды толық қамту мақсатында бірқатар құрылыс нысандарының салынуы жоспарланған. Атап айтқанда, 5 сарқынды суларды тазарту имараты, 21 канализациялық сорғы станциясы және 4 шығын реттегіш құдықтың құрылысы қарастырылған. Бұл нысандардың іске қосылуы кәріз жүйесінің қуаттылығын арттырып, халықты сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындарын толық кәріз жүйесіне қосу мақсатында қазіргі уақытта 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 7 нысанды биылғы жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды