jasqazaq.kz

Түркістан: Елді мекендерді газбен, ауыз сумен және электр қуатымен қамту жалғасып жатыр

Бүгін, 16:12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында биыл Түркістан өңірінің аумағында 63 ауыз су нысанының құрылысына бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Соның ішінде, бірінші кезекте 30 елді мекендегі құрылыс жұмыстарын осы жылы аяқтау көзделген. Атап айтқанда, бұл жұмыстармен Келес ауданында 13 елді мекен, Сарыағашта – 9, Ордабасыда – 3, Отырар мен Бәйдібек аудандарында 2 елді мекеннен және Қазығұртта бір елді мекен қамтылады.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен мониторинг жұмыстарының нәтижесін зерделеу бойынша кезекті штаб отырысы өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірде инфрақұрылым жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, сын-ескертпелер айтты. Салаға жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарларының есебін тыңдап, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Әр нысанды жеке қарап шығып, «сақалды құрылыстың» алдын алуды, жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.

Зұлпыхар Жолдасов: «Жұмысты сапалы, мерзімінде атқара алмасаңыздар, айтыңыздар. Мердігер мекемені ауыстырамыз. Әр істі тиянақты жасап, жауапкершілікпен қарау керек. Мердігер мекемелерге қалпына келтіру жұмыстарын атқаруға уақыт беремін. Қаржы бөліп отырмыз, жергілікті әкімдіктен қолдау көрсетілуде. Жұмыс күшін арттырыңыздар. Техникалық қадағалаушыларға нысанның басына барып құрылысты тексеруді, сапалы материалдарды қолдануын қадағалауды, кемшіліктер орын алса, шара көруді тапсырамын», — деді.

Штаб отырысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев өңірдегі елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары туралы баяндады. Кемшіліктерге жол берген жауапты басшылар мен мердігерлерге жеке тоқталып, қатаң ескерту жасады.

Биыл облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша 64 жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін 34 елді мекенді қамтитын 38 жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 16 елді мекенді қамтитын 26 жоба келесі жылға өтпелі. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда, жыл соңына дейін 45 елді мекендегі 84 мың халықты «көгілдір отынмен» қамту көзделуде. Нәтижесінде, облыстағы 608 елді мекен қамтылып (75,3%), тұрғындардың 89,4 пайызы табиғи газға қол жеткізбек. Жалпы облыс елді мекендерін 2027 жылға дейін газдандырудың іс-шара жоспарына сәйкес, газдандырылған елді мекендер санын 765-ке жеткізу көзделуде. Тиісті қаржы қаралған жағдайда, жоспар толық орындалмақ.

Электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша биыл 45 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 23 нысанды пайдалануға тапсырып, 19 елді мекендегі 28,2 мың халықты сапалы электр энергиямен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда 18 нысанның құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Сонымен қатар Төлеби ауданында 110 кВ-тық «Алатау» және Жетісай ауданындағы 110 кВ-тық «Жетісай» қосалқы станцияларының құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Инфрақұрылым нысандарына облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 16:12
Түркістан: Елді мекендерді газбен, ауыз сумен және электр қуатымен қамту жалғасып жатыр
Бүгін, 12:50
Түркістан: Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытайға барып, инвесторларымен кездесті
Бүгін, 12:42
Түркістан: Хэйлунцзян провинциясымен іскерлік-экономикалық байланыс меморандумына қол қойылды
05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады