jasqazaq.kz

Түркістан: Бәйдібек ауданына мажарстандық инвесторлар келді

29 шiлде 2025, 14:01

Түркістан өңіріне шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық зор. Кез келген инвестор ең алдымен өзіне қолайлы болуына мән беретіні сөзсіз. Ал Түркістан облысында өңдеу өндірісін ашуға да, ауыл шаруашылығымен де айналысуға мүмкіндік көп. Әрі жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Содан да болар, соңғы жылдары әр елден келетін инвесторлар көбейді.

Бұл жолы облыстағы Бәйдібек ауданына жұмыс сапарымен венгриялық инвесторлар барды. «East-West Agro» компаниясының Шығыс Еуропа және Азия бойынша аймақтық директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Молнар Пал және ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша менеджер, агроном Вираг Эрик аудан шаруаларымен кездесті. Кездесу кезінде тараптар жоғары сұрыпты дәнді және бұршақты дақылдарды, атап айтқанда құмай мен күнбағыс тұқымдарын өсіру және жоғары технологияларды қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар, венгриялық мамандар ауданның топырақ құнарлылығын зерттеп, жер ресурстарының әлеуетін анықтау бағытында жұмыстар жүргізетінін жеткізді. Инвесторлар «Асқар тау» шаруа қожалығына арнайы барып, 500 гектар алқапқа орнатылған жаңбырлатып суару қондырғыларымен танысты. Бұл технологияның тиімділігі мен егіс өнімділігін арттырудағы рөлі ерекше атап өтілді. Сапар аясында делегация аудан орталығындағы №19 кәсіптік колледжге де бас сұғып, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Қос тарап студенттермен тәжірибе алмасу, тағылымдамадан өткізу сынды мәселелер бойынша ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастырды.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес