jasqazaq.kz

Түркістан ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр

21 шiлде 2025, 21:57

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында э ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен Жол картасы бойынша биылғы жылға негізгі 10 индикаторлық көрсеткіштер жоспары бекітілген. Осы жоспардың орындалуы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Облыс басшысы жоспарды кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, осы салада алты айда жалпы өнім көлемі 253,9 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,7 пайыз болды. Негізгі капиталға инвестиция тарту 44,2 пайызға орындалып, 103,8 млрд теңгеге инвестиция тартылды. Алты айда 82,3 млрд теңге инвестиция тарту жоспары 1,3 есе артық орындалды. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 гектарға орналастырылып, жоспар 1,4 есе артық орындалды. Егіс алқаптарына ғылыми негізде 189,8 мың тонна тыңайтқыштар енгізу жоспары 109 пайыз орындалды немесе 206,2 мың тонна тыңайтқыштар сатып алынды. Машина трактор паркін 6,5 пайыз жаңалауды қамтамасыз ету бойынша 877 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жалпы 2025 жылға 1649 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланған.
Техникаларды жаңалау үлесі 9,4 пайызға жетеді. Шардара ауданында «Батырхан ата» ЖК-нің «2200 тонналық көкөніс сақтау қоймасы» жобасы жүзеге асырылды. Түлкібас ауданында «Кентау» ЖШС-нің «2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасы», Сайрам ауданында «Shagyr Fruit» ЖШС-нің «2200 тонналық көкөніс сақтау қоймасы» жобалары жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланған.
Жалпы АӨК даму көрсеткіштерінің орындалуы бойынша басқарма тарапынан ай сайынғы рейтинг бағалау жұмыстары жүргізілуде. Алты айдың қортындысымен алғашқы үштікке Түлкібас, Созақ, Отырар аудандары ілінді. Көш соңында.қалған аудандар мен қала әкімдеріне тиісті ескерту беріліп, жұмысты ширату тапсырылды.
Агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалар бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, жалпы құны 227,5 млрд теңгені құрайтын 60 жобаны іске асыру көзделген (2252 жаңа жұмыс орны құрылады). Биылғы жарты жылдыққа 53,6 млрд теңгеге 17 жоба іске асырылып, 726 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін қалған 12 жоба (69,6 млрд теңге) жүзеге асырылмақ.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды