jasqazaq.kz

Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр

Бүгін, 14:02

Түркістан облысында жаз кезінде де әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары бір сәтке де тоқтатылмай, әкімдік тарапынан қадағаланып отырады. Жуырда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түлкібас, Сайрам мен Төлеби аудандарына іссапармен барып, сондай нысандарды аралады. Мектептердің жөндеу жұмыстарын зерделеп, жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығын пысықтады.

Түлкібаста орналасқан Әлішер Науаи атындағы мектеп 1970 жылы салынған. 300 балаға арналған. 2004 жылы тағы 300 орындық оқу ғимараты салынған. Білім ұясына күрделі жөндеу жүргізу үшін қажетті қаражат бөлінген. Қазір мердігер мекеме «Шаңырақ» өндірістік кооперативі жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталуы тиіс.

Бұдан кейін Бейсенбай Тәжібаев Сайрамдағы білім беру ұяларын аралады. Мұнда қазір №89 Қайнарбұлақ мектебі жаңғыртудан өтіп жатыр. Салынғанына 13 жыл болған 600 орындық ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «NT-Group» ЖШС. №3 Хамза атындағы мектебі 1973 жылы қолданысқа тапсырылған. 600 орынға арналған нысанға да ағымдағы жөндеу бойынша қаржы қарастырылған. Мердігер мекеме анықталып, «Kemel Story Group» ЖШС міндеттелген.

Облыс басшылығы жауапты тұлғалармен кездесу барысында құрылысты сапалы жүргізу, мерзімінде аяқтау және жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді. Нысандар пайдалануға берілгенге дейін мониторинг шаралары тұрақты жүргізілетінін қатаң ескертті.
Іссапар жазғы демалыс аймақтарында жалғасты. «Болашақ» лагерінде қазіргі таңда 314 бала демалуда. Оқушыларды 3 ауысымға дейін қабылдайды. Ғимараты 1968 бой көтерген. Облыс әкімінің орынбасары аумағы кең лагерьді жасыл-желекке айналдырып, орын тапшылығын болдырмау үшін қосымша модульді лагерь салу керектігін айтып, бұл істі келесі жылы қолға алуды тапсырды.
Төлебидегі «Алатау» лагері биыл аудандық әлеуметтік қорғау жүйесінен білім басқармасының теңгеріміне өткен болатын. 300 орынды ғимарат ағымдағы жөндеуден өтуде. Жаңа 270 шаршы метрлі бассейн салынды. Лагерь аумағында асхана, акт және спорт залы, жазғы концерт алаңшасы бар. Материалдық-техникалық базасы түгел жаңартылды. Облыс әкімінің орынбасары тазалық шараларын күшейтуді және тездетіп ашуды міндеттеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды