jasqazaq.kz

Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді

12 маусым, 14:57

Түркістан облысында тұрғындардың жайлы да сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында түрлі бағыттағы әлеуметтік нысандар көптеп салынуда. Жуырда Шардара қаласының Төменгі Тоғай шағын ауданында «ARLAN BOXING CLUB» жасөспірімдерге арналған жаңа бокс залының ашылу салтанаты өтті. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл спорт нысаны жергілікті азаматтар — жаттықтырушылар Бексұлтан мен Ералы Өсерхановтардың жеке қаражаты есебінен салынған.

Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол спорттың жастарды тәрбиелеудегі рөлін атап өтіп, жасөспірімдерге арналған спорт кешенінің ашылуын маңызды оқиға екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ спорттық құрал-жабдықтар сыйға тартты. Аудан басшысы Бексұлтан Өсерхановты өңірдің әлеуметтік-спорттық дамуына қосқан үлесі үшін «Алғыс хатпен» және Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.

Іс-шара барысында Шардара қаласындағы Мелдеби шағын ауданының биі, ауданның Құрметті азаматы Таңсықбай Сахов құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімімен бірге жаңа спорт нысанының лентасын қиды. Айта кетейік, Ералы Өсерханов – аудандық №2 спорт мектебінің бокстан жаттықтырушысы. Оның шәкірттері ел көлемінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда, Нұғман Қалдар – Қазақстанның үздік боксшыларының бірі болса, Диас Керімбай– Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Бердияр Таңсықбай, Данияр Сметулла және Айсұлтан Жоламан Түркістан облыстық чемпионатының қола жүлдегерлері атанған.

Ал Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округіне қарасты Шайхана елді мекенінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Аудан әкімі. «Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басты назарда. Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындар орталыққа бармай-ақ, алғашқы медициналық көмекті осы медициналық мекемеден алатын болады. Сондықтан ауылдық округ әкімі және мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы жүргізуді, қажетті құрал-жабдықтардың сапасына аса мән беріп, сапалы құралдар және техникамен жабдықтау қажет»,- деді.

Дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары «STANDARD SAMPLE » тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда, нысанның іргетасы құйылып, кірпіш қалау және шатырын жабу жұмыстары атқарылып жатыр.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 13:49
Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында
Бүгін, 11:59
«KitapХАН». Түркістандағы өрендерді рухани құндылыққа баулитын жоба
12 маусым, 14:57
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
12 маусым, 14:46
Түркістан: Арыста биыл 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
12 маусым, 14:04
Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөздер жүргізілді
11 маусым, 12:59
Түркістан: Әлеуметтік дамудағы қарышты қадамдар
11 маусым, 12:57
Түркістан: Отырар мен Созақ аудандарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды
10 маусым, 18:22
Айдын Сайлаубай: «Жайлы мектеп» – баланың болашағына салынған инвестиция
10 маусым, 14:57
Түркістан: Экономиканың дамуына серпін беретін туризмді дамыту – басты назарда