jasqazaq.kz

Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады

25 шiлде 2025, 11:59

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэйды қабылдап, келіссөз жүргізді. Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қатысқан бұл компания Түркістан өңірінде де ірі инвестициялық жобаларға қатысуды жоспарлап отыр. Оның ішінде Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы биылғы қыркүйек айында басталады.
Нұралхан Көшеров: «Екі мемлекеттің Президенттерінің тығыз байланысы, достық қарым-қатынасы маңызды бастамаларға жол ашуда. Бір ай бұрын өзіңізбен жолыққанымызда Түркістан өңірінде бірқатар жобаны жүзеге асыруға келіскен болатынбыз. Енді сол жұмыстар басталады. Бұл стратегиялық әріптестік Түркістан облысын дамытуға серпін береді деп сенемін, – деді. Сондай-ақ ол өңірдің инвестициялық әлеуетін тағы бір таныстырып өтті.
Әлеуетті инвестор Түркістан қаласының шығыс айналма жолын салады. Бүгінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының бір бөлігі Түркістан қаласының орталығында орналасқан және шамамен тәулігіне 8000 жүк көлігі жүріп өтеді. Бұл шаһарда көлік кептелісін туындатып, жолдардың жиі зақымдалуына ықпал етуде. Оған қоса, ірі жүк көліктері үшін қаланың ішін қақ жарып өту де қолайсыздық тудырады. Осы мәселені шешу үшін Түркістанның шығыс бөлігінен айналма жол салу жоспары жасалып, қолдау тауып отыр. 30 шақырым жолдың құрылысы 1,5 жылда аяқталады деп жоспарланған.
Тараптар осы жолдың құрылысына және облыста логистикалық орталық пен өндіріс орнын ашу бойынша да келіссөз жүргізіп, жобалар жүзеге асатын аймаққа шолу жасады. Алдағы уақытта өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жобалар жалғасын табады.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?