jasqazaq.kz

Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды

11 сәуiр 2024, 15:50

Соңғы екі-үш жылдан бері алаяқтықпен байланысты қылмыс жасайтындар көбейді. Аңқау адамдардың сеніміне кіріп, оңай жолмен ақша табуды ойлайтындар небір қитұрқы тәсілдерді ойлап табады. Түркістан облысының құқық қорғау органдары мұндай құқық бұзушылыққа қарсы тынбай күрес жүргізеді. Өйткені кешенді күрес жүргізілгеніне қарамастан, алаяққа ақшасын өзі апарып беретіндердің саны азаймай тұр.

Айталық, Түркістан облысы аумағында биылғы жылдың үш айында 338 алаяқтық дерегі тіркеліп, алаяқтық дерегі 13,6 пайызға артқан.

Алаяқтық қылмыстардың ішінде «қайтарымсыз грант шығарып беремін» дейтін пысықайларға сенетіндер көш бастап тұр. Одан кейін жұмысқа орналастыру, балаларға жәрдемақы беру, тауарға алдын ала төлем жасау, мүгедектікке шығарып беру, несие алу, басқа да түрлері тіркелген.

Мысал келтірсек, жуырда Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде, алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады.
Тексеру жүргізгенде күдіктінің тұрғындардың сеніміне кіріп, кәсіппен айналысу үшін қолма-қол несие шығарып беремін деп, алдын ала ақшаларын алғаны анықталды. Осындай жалған уәде беріп 27 тұрғынды сазға отырғызған.
Өзі алдаған адамдардан 200 мың және 1,5 миллион теңге көлемінде ақша алып, барлығы 19 миллион теңге шығын келтірген.
Бұдан кейін бір әйел әлеуметтік желі арқылы жұртты 1,5 миллион теңгеге сан соқтырды деген күдікке ілінді. Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгенде, әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 31 жастағы алматылық тұрғынды анықтады. Ол әлеуметтік желіде «мүгедектікке шығарып беремін және үй кезегіне қоямын» деп жалған жарнама жасаған көрінеді. Түркістан өңіріндегі екі жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, олардан 1,5 миллион теңге ақшасын алып, хабар-ошарсыз кеткен. Қазір күдікті қамауға алынып, іс сотқа өтті.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?