jasqazaq.kz

Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды

02 шiлде 2025, 14:48

Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысының негізгі драйверлерінің бірі. Өңірде бұл саланы жан-жақты дамытуға басымдық берілген. Бекітілген жоспардың тиісті деңгейде орындалуы тікелей аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауында тұр.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төралығымен өткен жиында агроөнерәсіп кешені саласында жалпы өнім өндіру және инвестиция тарту жоспарының алты айлық қорытындысы талқыланды. Басқосуда ұлттық ауыл шаруашылығы санағының жағдайы, алты айдың қорытындысымен статистикалық есептің тапсырылу барысы, агроөнеркәсіп кешені саласындағы тапсырмалардың орындалуы сараланды.

Облыс әкімінің орынбасары салалық индикаторларды тиісті деңгейде орындамаған жауапты тұлғаларға сын-ескертпе айтып, кемшіліктерді қалпына келтіруге уақыт берді.

Нұрбол Тұрашбеков: «Жұмыс сапалы әрі уақытылы орындалса, бекітілген межеге қол жеткізуге ешқандай кедергі жоқ. Жоспар жүйелі атқарылып келеді. Дегенмен, кейбір аудандарда кемшіліктер орын алуда. Тапсырмалар тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда, шара көріледі. Заң талаптарын сақтай отырып, жұмысты сапалы, мерзімінде орындап шығу керек, – деп, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Жиында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанар Ережепова жалпы өнім көлемінің алты айға болжамы туралы баяндады. Оның айтуынша, Арыс қаласы мен Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарында респонденттердің статистикалық есепті тапсыруы толық қамтамасыз етілмеген. Инвестиция тарту бойынша аудан, қала әкімдіктері алты айлық жоспардың 104,6 пайызға орындалатыны туралы мәлімет ұсынған.

JQ-Aqparat
Сурет. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес