jasqazaq.kz

Түрік сериалдарының «жұлдыздары» есірткі дауына шатылды

Бүгін, 16:56

Түркияда есірткі заттарын сақтау немесе қолдануға жағдай жасау айыбымен сериал “жұлдыздары” тергеліп жатыр. Қоғам назарын өзіне аударған бұл тергеу тек шоу-бизнес өкілдерін ғана емес, ірі бизнесмендер мен футбол әлемінің беделді тұлғаларын да айналып өтпеді. Dw.com жазғандай, Ыстамбул прокуратурасы жүргізіп жатқан іс “қоғамның жалпы мәдениетін және отбасы институтын қорғау” негізінде басталған. Қазіргі таңда тергеу аясында 16 адамды ұстау туралы шешім шықты.
14 адам бірден қолға түссе, 2 адамға іздеу жарияланған.
Оларға тағылған басты айып – есірткі заттарын сақтау немесе қолдануға жағдай жасау. Полиция бірнеше мекенжайға бір уақытта рейд жүргізген.
Бұл істе футбол клубтарының бұрынғы басшыларының аты аталуы үлкен резонанс тудырды.


Олар — Beşiktaş (Бешикташ) клубының экс-президенті Fikret Orman (Фикрет Орман),
Galatasaray
(Галатасарай) клубының бұрынғы басшысы Burak Elmas (Бурак Эльмас).

Екеуі де Түркия футболындағы ықпалды менеджерлері. Сарапшылардың пікірінше, олардың аты аталуын тергеудің ауқымы кең екенін көрсетеді.

Тергеуге іліккендердің қатарында танымал кәсіпкер Hakan Sabanci, модель Didem Soydan, бұрынғы модель
Güzide Duran бар.

Олар Түркияның беткеұстар өкілдері саналады. Сондықтан бұл іс қоғамда “жұлдыздарға қарсы науқан ба?” деген сұрақ туғызды.
Ең көп талқыланып жатқан тұлға, танымал актриса – Hande Erçel (Ханде Эрчел). Актриса қазір шетелде жүр. Әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде ол өзіне қатысты жаңалықты БАҚ-тан білгенін айтты. Жақын арада елге оралып, тергеуге түсініктеме беретінін жеткізді.

Ханде Эрчел – Түркияның ғана емес, бүкіл ТМД мен Қазақстанда танымал актриса. Оның “Sen Çal Kapımı” (Есігімді қақ), “Güneşin Kızları” (Күннің қыздары) сияқты сериалдары ТМД аудиториясына жақсы таныс. Сондай-ақ Ханде дәл осы айыппен тергеліп жатқан танымал кәсіпкер Хакан Сабанжымен көңіл жарастырған.


Сондықтан оның аты аталуы бұл істің хайп деңгейін бірнеше есе арттырды.
Дегенмен бұл – бір реттік операция емес. Былтыр желтоқсаннан бастап Түркияда ондаған танымал блогер, әнші, актерлер ұсталды. Кейбірінің тесті теріс нәтиже көрсеткен. Мұндай жағдай қоғамда екіұдай пікір қалыптастырды. Бірі — мемлекет “жұлдыз болса да, заң алдында бәрі тең” қағидатын көрсетіп жатыр дейді. Ал кейбір сарапшылар мұны PR-кампания немесе қысым құралы болуы мүмкін деп топшылайды. Себебі бұған дейін ұсталғандардың ішінде кінәсі дәлелденбегендер бар.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету